Ұлт руханиятының негізі – тіл

«Тіл тағдыры – ел тағдыры», – деген сөздің астарында терең мән бар. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы бес нақты тапсырма еліміздің өркендеу тетігін дөп басып, халықтың ойынан шыққанына күмәнім жоқ.

Нарық пен саясатты, халықтың әлеуметтік жағдайын тығырықтан тыныш алып шығу ел бірлігінің, билік пен халықтың өзара ынтымақтастығының арқасы.
Жолдауда Мемлекет басшысы: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн», деп атап өткен еді.
Еліміздегі қаншама этникалық топтар болса, солардың мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін дамытуға барлық жағдай жасалған. Жергілікті тұрғынмен тең дәрежеде, еш қысымсыз, ұлттық құндылықтарын сақтап, дамытуда. Ал, қазақ тілінің рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру үшін Президентіміз айтқандай, дау-дамайға бармай, біріге жұмыс жасауымыз керек. Мемлекеттік тілге ең бас-
тысы билік бет бұрса, теріс айналатын халық жоқ. Қазақстан мемлекетінде тұрып жатқан барша ұлттар мен ұлыстар мемлекеттік тілді қадір тұтып, құрметтеу дәрежесіне дейін қол жеткізуіміз қажет. Тілге қатысты заңдарды, қаулыларды барынша нақтылап, Жолдауға қолдау боларлықтай жасасақ.
Болашақта мемлекеттік тіл дәрежесіндегі қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың бірден-бір көзі латын графикасын кезең-кезеңмен енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ол ең алдымен бауырлас, туысқан халықтармен байланыс жасаудағы тілдік кедергілер жойылған соң ғана оның әлемдік деңгейге шығуына жол ашылады.
Осы Жолдауда айтылған мақсат-міндеттердің еліміз үшін, тіліміздің болашағы үшін маңыздылығын, құндылығын жете түсіне отырып, сол мақсаттарға жету жолында әр азамат бар күш-жігерін салып, аянбай өз үлесін қосуы керек деп есептеймін. Себебі, тек осындай ортақ мүддемен, ынтымақ-бірлікпен ғана Жолдау міндеттерін іске асыра алатынымыз анық.
Қаратай ТӨЛЕКЕЕВ,
Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар