Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашақ мамандарды бірлесіп даярлайды - АРҚА АЖАРЫ

Болашақ мамандарды бірлесіп даярлайды

«Тиолайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті тау-кен өндіру және байыту мамандарын даярлау бойынша өзара меморандумға қол қойды. Бұл келісім-шарт екі жаққа да тиімді болмақшы.

2005 жылғы желтоқсанда «Тиолайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы «Обуховский» кен орнының жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың жеңімпазы болып танылып, 2006 жылы «Титан-цирконий құмының Обухов кен орнын игеру» инвестициялық жобасын іске асыруға кіріседі. Обухов кен орнының титан-цирконий кендерін өндіру және қайта өңдеу бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс 2007 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға берілді. Инвестициялық жобаны іске асыру барысында «Тиолайн» серіктестігі әлеуметтік саланы дамытуға кемінде 4 миллион АҚШ долларын жұмсауды және 250-ден 500-ге дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
Осыған байланысты «Тиолайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, тау-кен өндіру кәсіпорны Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне тау-кен өндіру және байыту мамандарын даярлау бойынша бірлесе жұмыс жасауды ұсынып отыр.
Бұл келісім-шарттың университетке өте тиімді екенін айтқан жоғары оқу орнының техника және технологиялар факультетінің деканы Хасен Әбсәлямов:
– Өндіріс пен ғылым қатар жүреді десек болады. «Тиолайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе студенттерді маман ретінде даярла қол қойып отырмыз. Оның пайдасы зор. Студенттерді таңдағанда біліміне қараймыз. Емтихан тапсырғанда жоғары балл алған студенттерді іріктейміз. Біз жұмыс берушілерге кен орнына жақын елді мекендерден оқығысы келетін бірақ жағдайы жоқ балаларды таңдап алып келіңіздер, біз оқуға аламыз деп айттық, осылай болады, – дейді.
Тау-кен өндірісінде шет елдік технологияны меңгерген білікті мамандарды даярлау маңызды деп санайтын «Тиолайн» серіктестігінің даму бойынша директорының орынбасары Даниил Долгалев:
– Көкшетау қаласынан 50 шақырым жердегі біздің өндіріс орнымызда студенттер екінші курстан бастап жұмысын бастай алады. Бұл студенттерге технологиялық процесті іс жүзінде толық меңгеруге мүмкіндік береді. Егер біз жыл сайын 10-15 білікті маманды даярлап шығатын болсақ, бұл өте жақсы нәтиже болар еді. Үздік студенттердің стипендиясын 5 есеге, ал жақсы оқитындардың стипендиясын 3-4 есеге өсіреміз. Студенттерді Англия, Канада, Жапония, Австралия, Үндістан сында тағы басқа елдерге бірнеше айлық іс-тәжірибеден өтуге жібереміз, – дейді.
Кәсіпорын «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының студенттеріне бірінші курстан бастап оқуды аяқтағанға дейін оқу ақысын, стипендиясын және тұратын орны үшін төлем жасайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар