Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай шаңғы базасына саяхат - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай шаңғы базасына саяхат

Кеше балдәурендіктер көрікті Көкшенің табиғаты көрген көзді сүйсіндіретін Бурабай ауданының орталығы саналатын Щучинск қаласында халықаралық стандарттарға сай салынған шаңғы базасына серуенге барды.  Аталмыш кешенде заманауи шаңғы стадионы,  үлкен электронды тақтасы, 3000 орны бар трибуна орналасқан. Балалар бес қабатты төрелік павильонындағы комментаторлық кабинаны, допинг-тексеру бөлмесін, пресса орталығы мен басқа да әкімшілік орталықтарды, арнайы қалпына келтірілген медицина орталығын және 200 адамды қабылдай алатын қонақ үйді тамашалады. Спорт кешеніндегі сондай-ақ,  жаттығу, бокс, ауыр атлетика залы мен бассейн балалардың қызығушылықтарын одан сайын арттыра түсті. Дене шынықтыру-туристік кешенінің спорт бойынша инструкторы Кадиров Рафкат Әбілқасымұлы  балаларға  биатлон, шаңғы жарысы мен трамплиннен секіруден ұлттық құрамамыз осы  жерде дайындалатынын және бұл жерде балалар үшін спорт мектебі қызмет ететінін айта отырып,   жас балдәурендіктерді спортты,   туған елді сүюге шақырды.

Балаларға спорт кешені қатты ұнады,  мұндай стандартқа сай  спорт кешенін көрген әр баланың ойында  «мықты спортшы боламын» деген үміт жанарларынан шоқтай көрініп тұрды. Болашақ спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

Бурабай шаңғы базасында  балалар  естелік суреттерге  түсіп, мәз-мейрам болды.

«Балдәурен» РОСО баспасөз хатшысы- Ерденова Айнұр Жетпісбайқызы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар