Абайды тану – қазақты тану

Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында Ақмола облысының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен

Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты танымдық акция өтті.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты қала тұрғындары мен қонақтары, қаламыздың жастары ұлы ақын Абай Құнанбаев туралы қаншалықты мәлімет білетінін, кемеңгер жазушының шығармашылығымен қаншалықты таныс екенін анықтау. Іс-шара жоспары қаламыздың тәуелсіздік алаңы мен орталық саябағында жүзеге асырылды.
Қала тұрғындарына ақынның өмірі мен шығармалары бойынша «Сандар сөйлейді», «Сиқырлы қалпақ», «Кім тапқыр», «Қызықты бекет» тапсырмалар түрлі форматта ақпарат таратылды. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген іс-шара мазмұнға толы болды. Акция соңында барлық қатысушылар кітаптар, лингвистикалық үстел ойынымен марапатталды.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе», – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы деп білеміз.
Бибігүл ДАЙЫРОВА,
Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы.
Суретте: іс-шарадан көріністер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар