Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өрттің алдын алу маңызы - АРҚА АЖАРЫ

Өрттің алдын алу маңызы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Максим Шатковский облыс орталығының жылу маусымына дайындығы жөнінде айтып берді.

–Жаңа жылу маусымының басталуына орай, Ақмола облысы аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Өрт санын азайту мақсатында 15 тамыздан бері басқарма өрт қауіпсіздігі ережесін бұзуға жол бермеу жөнінде тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Бұқаралық ақпарат құралдары, департаменттің ақпараттық порталы, әлеуметтік желілер арқылы бірқатар материал ұйымдастырылды. Қаланың мектептерінде оқитын 3100 оқушыны қамтыған 4 интерактивтік сабақ өткізілді. Басқарма қызметкерлері өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметімен бірге 10937 адам тұратын тұрғын үйдің 3354 ауласын аралады,– деген Максим Шатковский әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының үйлерінің ішіне көмір қышқыл газының датчигі орнатылғанын айтты. Басқарма мұндай датчиктің 48-ін орнатыпты.
Қала мен оның іргесіндегі елді мекендер бойынша 282 пеш мұржасы тазаланған. Бүгінгі күні білім саласының 105 нысанына, денсаулық саласының 31, мемлекеттік және әлеуметтік мекеменің 97 нысанына жылу берілді. Көкшетау қаласында 906 көп пәтерлі тұрғын үйдің 850-і жылу жүйесіне қосылған. 149 тұрғын үйді жылуға қосу жұмысы жүргізілуде. Краснояр селосында 34, Станционный кентінде 20 тұрғын үй жылу жүйесіне қосылды. Бүгінгі таңда 41509,4 тонна көмір, 800 тонна мазут қоры бар. Отынды тасымалдау кестеге сәйкес жүргізілуде.
– Басқарма қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесе жұмыс істеп, учаскелік полиция инспекторларымен бірге әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар тұратын аумаққа рейдке шығады. Сондай-ақ, басқарма қызметкерлері әлеуметтік нысандарда, дала жұмысы кезінде ауыл шаруашылығы нысандарында, автокөлікті техникалық тексеру, газ баллон толтыру және жанар-жағар май құю бекеттерінде, автобус паркі мен соңғы аялдамаларда рейдтер жүргізеді,– деген М.Шатковский тілшілер қойған сауалдарға жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар