Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігерлер қабылдау жасады - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігерлер қабылдау жасады

9-17 қазанда Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінде облыстық салуатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы емдеу-сауықтыру жұмыстары жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы, денсаулық сақтау ісінің үздігі Баян Байлинаның бастамасымен ұйымдастырылған «Ашық есік күні» шарасы кезінде 27 адам медициналық тексерістен өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Зарина Петухова, орталық емхананың денсаулық мектебінің үйлестірушісі Гүлназия Сәдуақасова, мейірбике Валентина Гнатюк холестерин мен қанттың деңгейі, артериалдық қант қысымы бойынша бақылау жасады.
Сөйтіп, 27 адамның 14-інің холестерин деңгейі 6,1-ден 6,9, төрт адамның қант деңгейі 7,1-ден 9,5 мөлшерінде екендігі анықталды.
Онколог дәрігер Раиса Балғожина он бір адамды жеке қабылдап, төске УЗИ, мамография жасату жөнінде ұсыныс жасады. Эндокринолог дәрігер Роза Аяғанова қабылдауға келген адамдардың денсаулық жағдайына байланысты ем алуды әрі қарай жалғастыру жөнінде кеңес берді. Қан қысымы жоғары адамдар үнемі учаскелік дәрігердің бақылауында болғаны жөн. Аталған іс-шараның маңыздылығын ескере келе, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев дәрігерлік қабылдауды мүмкін-хадерінше жиірек өткізуді ұсынды.

Балталы СӘРСЕНБАЕВ,
журналистика ардагері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар