Саяжай өнімдері – ырыздық көзі

Қала тұрғындары үшін саяжай – ырыздық көзі. Тұрғындар жаз бойы бау-бақшада өсірген көкөніс-жеміс өнімдерінен қысқы маусымға қор жасап, артығын сатып пайда да табуда.

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы «Ақбұлақ-Родник клубының мүшелері Қарттар айлығына орай, «Табиғат сыйы» көрмесін өткізуді дәстүрге айналдырған. Осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Ольга Литвинчук стол үстіндегі сәбіз, редька, қырыққабат, сарымсақ, помидор, петрушка, картоп, тағы басқа да көкөніс-жемістердің Галина Николаева, Валентина Кутукова, Ольга Лесечконың саяжайында өскенін айтты. Бұл өнімдерді уақытылы суарып, арамшөбін жұлып, топырағын қопсытып, отыру маңызды. Күтімі жақсы саяжайға сырттан көз алартатын сұғанақтардан қорғау үшін жаз айларында осында түнеп, күзетуге де тура келеді.
Саяжайда өсірілген гүлмен безендірілген қонақжай дастархан Людмила Фомина, Нина Василенко, Екатерина Шелестова, Ольга Зитева, Мария Мубаракшина мен Жанар Цойдың пісірген дәмді тағамдарына толып кетті. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиевтің құттықтау сөзінен кейін шараға қатысушылар дастархан үстіндегі астан дәм татып, ән шырқады. Қарттар айлығына арналған бұл шара көпшіліктің көңілінен шықты.
Балталы СӘРСЕНБАЕВ,
журналистика ардагері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар