Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан

Әл-Фараби қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Фараб (Отырар) қаласында түркі тектес әулетте туған. Оның әкесі әскербасы болатын.

Оның толық аты-жөні мен шыққан тегі – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби.

Зерттеуші ғалымдар Әл-Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы тұщымды әңгіме айтпайды. Себебі, ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да, зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым жолындағы қызу ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек. Әл-Фараби жастайынан түрлі ғылымдарды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол бірнеше тілдерді әсіресе, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді.
Ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен айналысып тұрақтап қалады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да сексен жасқа жетіп, өмірден өткенше сол өлкеде қалады.
Алғашқы сапарында Әл-Фараби Бағдат шаһарында логика, математика ғылымдарын терең зерттеп, араб тілін игереді. Ол елден асқан зерек еді. Дүниенің өткінші қызықтарынан, ойын-сауықтан алыс болатын. Тұрмысына жетерлік аз дүниеге қанағат етіп, уақытының барлығын ғылым жолына арнайтын. Ол алдыңғы толқындағы даналардың ізін қуған данышпан философ еді. Сондай-ақ, ол медицина ғылымын да толық меңгерген.
Ал, Шам аймағына келген кезде Әл-Фараби алғашында Дамаск қаласындағы бір бақта бағбан болып жұмыс істейді. Мұнда ол жеміс ағаштарын баптай жүріп, ғылыммен айналысуын әрі қарай жалғастырады. Ол әсіресе, логика ғылымын терең зерттеді. Осы салада бұрын-соңды жазылған еңбектердің бәрін парақтап оқып шықты. Тұрмысының жұпынылығына қарамастан, қолындағы бар қаражатын кітап сатып алуға жұмсап, күні-түні ғылыммен айналысты. Ол бақ қарауылшысы ретінде берілетін май шамның жарығымен талай томдарды оқып түгесті. Өзінің еңбектерін де жазып шықты. Ақырында, оның есімі әлемге жайылды.
Еңбектері шартарапқа тарағаннан соң есімі дүниеге әйгілі болды. Уақыт өте келе, оны білім иелері мойындап, өз заманының бірегей ғұламасына, біртуар дара тұлғасына айналды. Әл-Фарабидің аса парасаттылығы туралы естіген Халеб қаласының әкімі Сәйф әд-Дәулә әл-Хамдани оны басқа да мұсылман ғалымдармен бірге сарайына шақырып, құрметтеп, қонақ қылады. Ұлы данышпанның даналық сөздерін ден қойып тыңдаған әмірші оны өзіне жақындатуды ойлайды. Оны қазылыққа тағайындайды.
Әл-Фараби киетін киімі мен тұрмысына аса көп назар аудармайтын. Оның қарапайым тіршілік кешкені сондай, кейде тіпті, тек қана қара сумен күнелткен кездері де болған. Ұлы ойшыл қазылық қызмет атқарып жүрген тұсында да ғылымнан қол үзген емес. Бірде таным өрісін одан әрі кеңейтіп, білімін молайта түсуді көздеген данышпан қазылық мансаптан бас тартады. Одан кейінгі өмірінде ғылымның алуан түрлерімен, өнермен шұғылданады. Саз өнерінің қыр-сырларын тексеріп, терең игерген ғұлама көп ішекті ғажайып аспап ойлап табады. Бұл цитра атты музыкалық аспап болатын.
Бірде Әл-Фараби Сәйф әд-Дәуләның мәжілісінде отырғанда әмірші оған: «Тағам алдырайын, ас ішесіз бе?» – деп сұрайды. Ғұлама: «Жоқ, ішпеймін», – дейді. Әмірші: «Сусын ішесіз бе?» – деп сұрағанда одан да бас тартады. Сосын Сәйф әд-Дәулә: «Олай болса бірдеңе тыңдарсыз», – деп ұсынады. Әл-Фараби: «Тыңдайық», – деп келісімін береді. Сонда әмірші қолдарында музыкалық аспаптары бар әншілер тобын алдырады. Бұлар патшаның ең талантты өнерпаздары болатын. Олар орындарына жайғасқан соң қолдарындағы аспаптарының күйін келтіріп, алуан түрлі сазды әуендерді ойнай бастайды. Алайда, олардың өнеріне әл-Фарабидің көңілі толмай, қателіктерін айтып сынайды. Сонда одан Сәйф әд-Дәулә: «Өзің жақсы ойнайтын ба едің?» – деп сұрайды. Әл-Фараби: «Иә, ойнай аламын», – деп өзінің саз аспабын алып, құлақ күйін келтіреді де көңіл көтерер әуездерді төге жөнеледі. Бұл әуен мәжілісте отырғандардың көңілдерін шаттандырып, жүздеріне жайдарлылық ұялатады. Олар бір-бірлеріне жымия қарасып, шад-шадыман болысады. Әл-Фараби бұл әуенін аяқтаған соң, қолындағы аспабының құлақ күйін басқаша келтіреді. Сиқырлы сазды ішектерден енді адамның жүрегін жылатар мұңлы әуен сарнап қоя береді. Құлақтан кіріп, бойларын билеп алған қайғылы күйге еліткен жиналған жұрт кірпіктерін жас шалып, кемсеңдей бастайды. Бұл қайғылы әуенді аяқтап болған соң Әл-Фараби аспабының құлағын басқаша бұрып, енді құлаққа жағымды, мамыражай, баяу күйді тарта бастайды. Жиналған жұрт күйдің әсеріне беріліп, жастықтарға жантая кетеді де, сәлден кейін көздері жұмылып, ұйқыға кетеді. Сол кезде Әл-Фараби әуенін аяқтап, аспабын бір шетке сүйеп, сарайдан шығып жүре береді.
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар