Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өсіп, өркендеу жолында - АРҚА АЖАРЫ

Өсіп, өркендеу жолында

Өңірлік коммуникациялар қызметінің Ақкөл ауданына ұйымдастырған баспасөз турында бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралап, жұмыс барысымен таныстық.

Алдымен, біз Қазақстандағы ірі астық қабылдау кәсіпорындарының бірі – «Астық қоймалары» серіктестігінің № 1 астық базасында болдық. Серіктестік директорының орынбасары Мэлс Жетпісовтың айтуынша, астық биылғы жылы Ақкөл, Шортанды және Бұланды аудандарынан, өткен жылы Қарағанды мен Қостанай облыстарынан тасымалданыпты.
–Элеватор 1979 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорынның 144 банкісі 192,8 мың тонна астық сақтай алады. Бүгінгі күні 50 мың тонна астық қабылдап алдық. Қазір үш астық кептіретін қондырғы жұмыс істеуде. Кәсіпорында 73 адам аусымдық мезгілмен жұмыс істеп, астық өңдеуде. Күніне 15 вагон астық жібереміз. Орташа айлық жалақы 70 мың теңгені құрайды. Еңбеккерлер үшін барлық жағдай қарастырылған. Еңбек демалысы кезінде екі еселенген айлық еңбекақы төленеді. Еңбеккерлер автобуспен тасымалданады. Жуынатын, киім ауыстыратын орын қарастырылған,– деді Мэлс Жетпісов.
Осы күні аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов Моншақты төбесінің етегінде орналасқан «Моншақ» отбасылық демалыс орталығының ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Орталықта қоғамдық монша, балалардың дайындық оқу орталығы, футкопзона, сән салоны, шаштараз, киім дүкені мен сыра мейрамханасы орналасқан. Салтанат барысында жеке меншік иелері Рафкат Асхатов, Ольга Ганина, Надежда Конрад өздерін қолдаған жергілікті билікке жылы лебіздерін білдірді. Орталықтың көк лентасы қиылғаннан кейін жиналған жұрт нысанның ішін аралап көрді. Мұндағы жиһаздардың барлығы жергілікті «Каз лес» кәсіпорнында жасалған. Мейрамханада су тәрізді жергілікті кәсіпорындардың өнімі сатылады. Мұнда 18 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Орташа еңбекақы 60 мың теңгені құрайды.
Бұдан кейін саңырауқұлақ өсірумен айналысатын «Алатау Машумленд» кәсіпорнына келдік. Ферма басшысы Олжас Ерханов саңырауқұлақ өсіретін цех жөнінде айтып берді. Кәсіпорынға Литвадан инвестиция тартылған. Цехта экологиялық жағынан таза шампьюнон саңырауқұлағы өсіріледі екен. Мұнда «Тұман» қондырғысы ылғалдың мол болуын қамтамасыз етеді. Алғашқы 500 келі өнімдері Нұрсұлтан қаласында сатылыпты. Саңырауқұлақтың бір келісі 1400 теңгеге бағаланған. Тұқым Саратов қаласынан сатып алынады. Жылына төрт мәрте өнім алынады. Келесі жылы 24 тонна өнім өндіру жоспарлануда. Саңырауқұлақ астананың 10 мейрамханасына өткізіледі. Кәсіпорында алты адам жұмыс істейді. Орташа еңбекақы 120 мың теңгені құрайды.
Аудан орталығында «Аймақ трейд» серіктестігі филиалының диірмені жұмыс істейді. Филиал директорының орынбасары Алмас Мұхамедиевтің айтуынша, кәсіпорын өткен жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді екен.
–Диірмен жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Бұған дейін «Табыс» серіктестігінің қарамағында болған. Біз астық саудасымен де айналысамыз. Жұмысымызды кеңейту үшін диірменді сатып алдық. Диірмен айына 1500 тонна ұн тартады. Алдағы уақытта барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарымен жұмыс істеп, бұл көрсеткішті 3 мың тоннаға жеткізуді межелеп отырмыз. 3 класты бидай сатып алып, ұн тартамыз. Ұн Қазақстан көлемінде сатылады. Кәсіпорында 33 адам жұмыс істейді. Оларға арнайы жұмыс киімі беріледі. Жуынатын орын қарастырылған. Орташа еңбекақы 60 мың теңгені құрайды,– деген директордың орынбасары диірменнің ішін аралатты. Мұндағы жұмыстың барлығы толық автоматтандырылған. Алдымен, қоймадан түскен бидай құм мен шаңнан, сұлы мен масақтан тазаланады. Ұн төрт қондырғыда тартылады. Қоймадағы ұн 5,10, 25, 50 келі қаптарға салыныпты. Жарма мал азығы ретінде сатылады.
Бұдан соң жеке кәсіпкер, аудандық кәсіпкерлер қауымдастығының төрайымы Надежда Калашникованың кәсіпорнында болдық. Кеңес заманында бұл жерде теміржолдың «ОРС» ұжымы жұмыс істепті. 1956 жылы салынған наубайхана күні бүгінге дейін жұмыс істеп келеді. Пеш әлі күнге дейін көмірмен жағылады. Осы орайда, мұнда піскен нан да дәмді. Кәсіпорынның өндірген өнімі өз азық-түлік дүкенінде сатылады екен. Мұнда жергілікті кәсіпорындар өндірген өнімдер де сатылады. Сондай-ақ, кондитерлік цех, наубайхана мен дәмхана жұмыс істейді. Мұндағы нан өнімдерінің көбі ашытқысыз, жеміс-жидек пен сүт өнімдері қосылып пісіріледі. Бұл адам денсаулығына өте пайдалы. Мұнда өзбек және француз наны сатылады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға арналған өнімдер де бар. Кондитерлік цехта электр пеші мен қамыр илейтін қондырғы орналасқан. Мұнда торт пен әртүрлі кондитер өнімін жасау үрдісімен таныстық. Кәсіпорында 40 адам еңбек етеді. Солардың бірі – Татьяна Матвеенко 1982 жылдан бері жұмыс істейді екен. Орташа еңбекақы 45-100 мың теңгені құрайды. Еңбеккерлер үшін әлеуметтік пакет қарастырылған.
«Фермер» шаруа қожалығы Домбыралы ауылында орналасқан. Шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Аяғанов өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасының аясында несие алып, сүт бағытындағы 100 бас «Семиталь» тұқымдас қашарды Чехиядан сатып алғандарын айтты.
–«Сыбаға» бағдарламасы бойынша берілетін несиенің пайыздық үстемесі төмен. Оның үстіне несиені екі жылдан кейін қайтарамыз. Бұл жерде бұрынғы «Гусарка» кеңшарының мал қоралары болған. Бүгінгі күні иесіз қалған екі мал қорасын жөндеп жатырмыз. Мал азығы цехының орнына қонақ үй, монша, душ пен асхана салып жатырмыз. Шаруа қожалығында алты адам жұмыс істейді. Бізге тәжірибеден өтуге Нұрсұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің студенттері келеді. Келесі жылы сүт өндірісі жұмыс істей бастайды. Биылғы жылы қашарларды қолдан ұрықтандырдық. Мамырдың соңында төлдей бастайды. Жаз айларында қашарлар жайлауда бағылды. Жайылым мәселесі де туындамай қалмауда. «Сиырдың сүті тілінде» демекші, қажетті мал азығы дайындалды. Тек ауылда еңбеккерлер жетіспейді,–дейді Нұрлан Аяғанов бізбен әңгімесінде.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар