Осындай тақырыпта М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өнер саласындағы әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Жақып Омаровтың туғанына 80 жыл толуына орай кітап көрмесі мен ақпараттық сағат өтті.
Көрмеге Жақып Омаровтың қазақ драматургиясы мен қазақ театр өнері саласындағы жетістіктері туралы материалдар қойылды. Ақпараттық сағатқа кітапхана қызметкерлері мен студент жастар қатысты. Кеш барысында Ж.Омаровтың азаматтық тұлғасы мен өз кәсібіне деген шексіз сүйіспеншілігі туралы айтылды. Мәселен, Ж.Омаровтың еңбегінің арқасында Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық қазақ драма театры және Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музықалық-драма театры өз шымылдығын 1996 жылы 6 наурыз күні Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклімен ашты. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров болатын.
Сонымен қатар, бұл кеште Жақып Омаров туралы белгілі театр сыншысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Сығайдың жазбаларынан үзінді оқылды. Сондай-ақ, әр жылдағы
газет- журнал беттерінде, жұрт жүрегіне ұялаған койылымдар туралы, ақпараттар берілді. Аталмыш кешке жиналған Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенттері мен әдебиетсүйер қауым өнер перзентінің өнегелі өмірі туралы қызығушылық танытып, үлкен әсер алды.
Г. БАЙМАҒАМБЕТОВА,
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының өнер саласындағы әдебиеттер бөлімінің қызметкері.