Көкшетауда полиэтилен құбырларын шығарумен танымал «Тыныс» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.
Бүгінгі таңда зауытта құрастырылып шығарылған полиэтилен құбырлары, теміржол, коммуналдық, шаруашылық, мұнай саласына қажетті қосалқы бөлшектер мен қазіргі заман талабына сай брондыжилеттер тапсырыс берушілер тарапынан жақсы бағаланып, сұранысқа ие болуда. №2 цехтың 1-ші дәрежелі токарі Екпін Жағыпаров білікті маман ретінде бұл күнде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, отандық нарықта сұранысқа ие болуына үлес қосуда.
Берік ЕСКЕНОВ.
Суретте: токарь Екпін Жағыпаров.