Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Ұлттық валюта – теңге күнімен құттықтаймын. Қазақстан үшін 15 қараша тарихи маңызы бар айтулы күн болып табылады, өйткені осы күні еліміздің тәуелсіздігінің бір белгісі болып саналатын ұлттық теңгеміз пайда болған еді. Бұл күнді өздерінің кәсіби мерекелері ретінде еліміздің экономикасының өсіп-өркендеуінде үлкен рөл атқаратын қаржы жүйесінің қызметкерлері де атап өтеді.
Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен өз міндеттерін адал да, сапалы атқаруының нәтижесінде облысымыздың барлық өңірлерінде экономикалық жағынан одан әрі даму және азаматтардың әл-ауқатын көтеру бағытындағы алға қойған міндеттер табысты жүзеге асырылуда.
Осы айтулы күні баршаңызға мықты денсаулық, мерекелік көңіл-күй, таусылмас қажыр-қайрат тілеймін! Сіздердің іскерлік қарым-қабілеттеріңіз туған өңірімізді одан әрі дамытуға әрдайым қызмет ете берсін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар