20 қараша күні БҰҰ Ассамблеясы 1959 жылы Балалар құқығы декларациясын, 1959 жылы Балалар құқығы декларациясын және 1989 жылы Балалар құқығы Конвенциясын қабылдаған.
1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың аман-саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы мен өзара түсіністігі күні ретінде «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды.
Ал, «Қазақстан-2050» Жолдауында «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес делінген. Иә, ұдайы өзгеріп отыратын тарихи жағдайда Қазақстан үшін жаңа саяси бағытта ең маңыздысы – ана мен балалық шақты қорғау.
Отбасы бұл мемелекеттің бір бөлігі. Ал ата-ана– отбасының яғни мемлекеттің тірегі болып саналады. Дана халқымыз.«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Қызының қылығына қарай анасын таны» деген қанатты сөздерді бекер айтпаған. Сондықтан да, бала тәрбиесіне келгенде, ата-анаға артылар жауапкершіліктің жүгі ұшан-теңіз.
Ертеңгі елдің болашағы- балалар. Осыған орай, «Балдәурен» Республикалық оқу- сауықтыру орталығы тікелей мемлекетіміздің бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек» Халықаралық балалар орталығы негізінде құрылғаны бәрімізге белгілі. «Балдәурен»– бақытты балалық шақ деген мағынаны білдіреді. Әрине, балалар арманының аралы — «Балдәуренде» бүгінгі күн ерекше аталып өтуде. Бүкіл сыныптарда бүгінгі мерекеге байланысты сынып сағаттары, сонымен қатар, «Бақытты балалар- бейбіт елдің тірегі» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Осының бәрі елбасымыздің «Бар жақсылық балаларға!» ұранымен үйлесетіндей.
Балаларды қорғау күніне тілектер әрдайым жарқын әрі жылы, өйткені әлемдегі ең құнды байлықтың бірі – баланың жарқын күлкісі мен көңілді көздері. Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Еліміз тыныш, деніміз сау, балаларымыз аман болсын! Елдің ертеңі болар бүгінгі балаларымызды, балдәурендіктерді мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мейрам әр баланың бақытты балалық шағы болуы тиіс екенін ескертеді! Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Демек, елімізді өркендететін, мемлекетімізді көркейтетін саналы, рухани бай, білімді өскелең ұрпағымызды тәрбиелеу- біздің қолымызда.
«Балдәурен» РОСО баспасөз хатшысы -Ерденова Айнур Жетпісбайқызы