Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру қажет - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру қажет

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев бастаған бір топ депутаттары жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, облыстық әкімдікте ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мәжіліс өткізді.

Сенаторлар Бұланды ауданындағы «Макинск құс фабрикасы», Бурабай ауданындағы «KazBeef Processing» және Көкшетау қаласындағы «Агример Астық» серіктестіктерінде болып, құс және мал етін өндіру, ұн тарту кешенінің жұмысымен танысты. «Агример Астық» серіктестігі астықты сақтаумен, қайта өңдеумен айналысады. Кәсіпорын май бұршақ, бұршақ тұқымдас дақылдардың өнімдерін қабылдайды және қайта өңдейді. Серіктестік басшысы Николай Казаковтың айтуынша, тәуліктік өндірістік қуаттылығы 200 тоннаны құрайтын итальян жабдығы орнатылған. Бұл құрылғы қатты бидайдан макарон өнімдерін алуға мүмкіндік береді. Дайын өнімді алыс және жақын шет мемлекеттерге өткізу жоспарлануда.
Ал, облыс әкімдігінде өткен мәжілісте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Парламент отырысында қабылданған және өзгертілген заңдар туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, экспорттық әлеуетін арттыру бағытында алға қойылып отырған міндеттерге тоқталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров айтып берді. Оның мәліметінше, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының шикізаттық бағыттылығын төмендету, сыртқы нарықтарда өнімді өткізу бо-йынша фермерлерді қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, республикалық және жергілікті жерге ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту жөніндегі нәтижелілік көрсеткіштерін айқындау бойынша міндеттер қойып отыр. Осыған байланысты АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасымен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайту және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты көлемін 2021 жылға қарай 2,4 миллиард АҚШ долларына жеткізу жоспарланған. Бұл бағытта Ақмола облысында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов атап өткендей, облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биылғы жылдың 10 айында 478 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде 339 миллиард теңгесі өсімдік шаруашылығының үлесінде болса, 137 миллиард теңгесі мал шаруашылығы саласына тиесілі. Сонымен қатар, салаға 44,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіштерге мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізіліп отыр. Мәжіліс соңында жиынға қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, Сенат депутаттары тарапынан жауаптарын алды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар