Оқырманға ортақ мереке

Біз ұлттық құндылықты қастерлеп, адалдықты ту еткен ұрпақ болғандықтан ел игілігі жолында аянбай еңбек еттік. Осынау ұлы мұраттар жолындағы талпынысымыз бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан шынайы қолдау тауып жатты.

Ал, аға басылым – «Социалистік Қазақстан» газетінде шағын хабар шыққанның өзінде төбеміз көкке жеткендей қуанатынбыз. Міне, әр сөзінен рухани нәр алған «СҚ»-ның мұрагері «Егемен Қазақстан» газеті 100 жасқа толып отыр. Бұл – тұтастай мемлекетіміздің тарихи шежіресін жасап, отандастарымызды ізгілікке, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баули білген редакция ұжымының ғана емес, нұрлы болашаққа үміт артып отырған тілеуқор қалың оқырманның да ортақ қуанышы. Ендеше, той-тойға ұласып, тәуелсіздігіміздің жаршысы, салт-дәстүр мен тіліміздің, дініміз бен діліміздің жанашыры «Егемен Қазақстан» газетінің абыройы асқақтай берсін!
Шияп Әлиев,
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар