Сая – Үздік спикер!

Жастар жылы аясында Батыс Қазақстан облысында өткен алтыншы республикалық пікірсайыс турнирінде көкшетаулық команда бірінші орынды жеңіп алды.

Батыс Қазақстан облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың қолдауымен «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған турнирге еліміздің ең үздік дебат командалары жиналды. Жастарға отансүйгіштік қасиетті баулу мақсатында өткен бұл жарысқа біздің облыстан Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Сая Сейпілова, Самалгүл Баймұхаметова мен Мәдина Әйтенова қатысқан болатын.
Орыс лигасында Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Атырау және Көкшетау қалаларының 16 командасы пікір жарыстырды. Әр қатысушы әртүрлі форматта өнер көрсетті. Алайда, ең қызықтысы американдық, британдық парламенттік форматтар мен линкольн-дуглас форматы болды. Қатысушылар «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басты тетігі – адамгершілікті қалыптастыру», «Орал – тарихи қала», «Киберспорттық білімді енгізу», «Еріктілер жылын ұйымдастырудың тиімді тетіктері» тақырыптарында көзқарастарын білдіріп, оны нақты мысалдармен дәлелдеуге тырысты.
Турнирде көкшетаулық пікірсайысшылар дайындықтың жоғары үлгісін көрсетіп, орыс лигасында бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, Сая Сейпілова «Үздік спикер» аталымында жеңімпаз атанды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар