Ақмола облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен партияның облыстық филиалы саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
Саяси кеңес бюросының отырысына партияның аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, Зеренді және Аршалы аудандарының әкімдері, Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партияның аумақтық филиалдары жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссияларының және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары мен БАҚ өкілдері.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне мән берген болатын. Отырыста Аршалы ауданының әкімі, партияның аумақтық филиалының төрағасы Талғат Мұханбетжановтың, Зеренді ауданының әкімі, партияның аумақтық филиалының төрағасы Бауыржан Ғайсаның аталмыш бағытта атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекішевтің Президент Жолдауы аясында 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы хабарлама жасады.
Одан әрі облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров өңірде 2019 жылға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы және «2025 жылға дейінгі туризм индустриясын дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы облыстық туризм басқармасының басшысы Ерлан Мұратов, партия төрағасымен белгіленген міндеттерді орындау аясында Ақмола облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының жұмысы туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов баяндама жасады.
«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партиялық жүйені қайта жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Ұсынылған бағдарлама шеңберінде партияның белсенді мүшелерін шоғырландыру бойынша шаралар қабылдауды, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді және партияның қатарын тазартуды, барлық деңгейде партия органдарының ықтималдылығын барынша жүзеге асыруды, Үкіметтің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыруды тапсырған болатын. Осыған орай, партияның саяси кеңесі бюросының отырысында «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Жабал Ерғалиев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясындағы «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы туралы баяндаса, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлібек Баймағамбетов партиялық бақылау комиссиясының жұмысына тоқталды.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының отырысында күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қаралып, қаулы қабылданады.
Бюро отырысының соңы марапаттауларға жалғасты. Сонымен салтанатты марапаттау шарасында «Белсенді қызметі үшін» 11 адамға, «Құрмет грамотасымен» 7 адамға партиялық наградалар табыс етілді. Оған қоса, «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы аясындағы әлеуметтік желілердегі жұмыс нәтижелері бойынша бастауыш партия ұйымдарын 21 адам марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.