Перинаталдық орталыққа күрделі жөндеу жүргізіледі

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев көпбейінді облыстық балалар ауруханасында жүргізіліп жатқан құрылыс

жұмыстарының барысымен танысып, перинаталдық орталық ғимаратын жөндеуден өткізу мәселесіне назар аударды.

Облыстық перинаталдық орталықтың қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Соңғы рет мұнда жөндеу жұмыстары 2005 жылы жүргізіліпті. Оның өзінде ішнара жөндеу жасалынған. Ғимарат өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейді, шатырдан жоғарғы қабаттарға су ағады.

Перинаталдық қызметтің басшысы, акушер-гинеколог Саржан Қалмұратовтың айтуынша, орталықта облыс бойынша әйелдерге гинекологиялық көмек көрсетіледі. Ғимараттың бірінші қабатында емхана, екінші қабатында 25 орынға лайықталған күндізгі стационар,  ал үшінші қабатта жүкті әйелдер патологиясы, төртінші қабатта гинекология бөлімшесі орналасқан.

Орталық заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Алайда, ғимарат аумағының тарлығынан оларды толық пайдалану мүмкін болмай отырған көрінеді. Сол үшін мұнда күрделі жөндеу жұмыстары ауадай қажет дейді дәрігерлер.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев перинаталдық орталықты аралау барысында ғимараттың жағдайын сынға алды. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін нысанды жөндеуден өткізу туралы мәселе көтермегені үшін жауапты тұлғаларға ескерту жасап, күрделі жөндеуге қажетті сома  бөлінетінін айтты. 2018 жылы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін құны 323 миллион теңге болатын  жобалық-сметалық құжаттар әзірленіпті.

Ал, көпбейінді облыстық балалар ауруханасында болғанында Ермек Маржықпаев аурухананың материалдық-техникалық базасымен және ғимаратта қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып, мердігер компания өкілдеріне жөндеу жұмыстарын сапалы және белгіленген кестеге сай жүргізуді тапсырды. Аурухананы аралау барысында облыс әкімі науқас балалардың хал-жағдайларын сұрап, тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар