Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтан ешкім биік емес - АРҚА АЖАРЫ

Халықтан ешкім биік емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сөйлеген сөзінде айтарлықтай жұмыс атқарылғанын, оның нақты нәтижелері бар екенін, тиімді әрі үйлесімді жұмыс істеу үшін күш жұмылдырылғанын айтты.

Бүгінгі күні мемлекеттік аппарат Ұлттық кеңестің жұмысына барынша қолдау көрсеткені, бұған Президент Әкімшілігі тікелей атсалысқаны, Ұлттық кеңестің хатшылығы Мемлекет басшысына есеп беретіні көңілге қуаныш ұялатады. Осы орайда, биліктің диалог орнатуға және реформа жасауға мүдделі екеніне ешкім күмәнданбайды. Бұған дейін ұсыныстар мен бастамалар мұқият қарастырылып, бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасылған болатын. Ұлттық кеңес мүшелері жұмыс барысында қызу пікірталасқа түсіп, маңызды жағдайларды талқылады. Бірқатар түйткілді мәселе бойынша ортақ ұстанымға келген болатын. Бұл жұмыс демократияны нығайтуға және қоғамның билікке деген сенімін арттыруға үлкен серпін береді. Бұл тәжірибе халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланып отырғаны, көпшілік оны жауапты әрі сындарлы диалогтың үлгісі ретінде қабылдағаны көңілден шығады.
Ең бастысы, Ұлттық кеңес қоғамның сенімін ақтай алатынын дәлелдеді. Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз. Осының арқасында, сан алуан пікірлер мен балама көзқарастар, сындарлы ұстаным, жауапкершілік сияқты құндылықтар алдыңғы қатарға шығады. Президент «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария етті. Билік өз қызметінде қарапайым адамдардың сұранысы мен мұң-мұқтажын басшылыққа алуда. Өйткені, халықтан жоғары және халықтан биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ. Әрине, азаматтарды алаңдатқан түйткілді мәселенің бәрін бірнеше айда шешіп тастау мүмкін емес. Дегенмен, бірқатар мәселе бойынша алға ілгерілеп, шұғыл шешімдер қабылданды. Мәселен, Президент жер және оны тиімді пайдалануға қатысты мәселеге назар аударып, жерді игере алатын адам ғана оның иесі болуға лайық екенін айтты.

Қайратбек ХАМЗИН,
«Бөгенбай» шаруа қожалығының басшысы.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар