Жауапкершілік жүгі еселене түспекші

Өткен жұма күні Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңестің екінші отырысы болып өткені белгілі. Төменде кеңес жұмысы туралы ақмолалықтар пікірі беріліп отыр.

Кеңес отырысында Мемлекет басшысы халықтан жоғары және халықтан биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, биліктің диалог орнатуға және реформа жасауға мүдделі екеніне ешкімнің күмәні жоқ деген болатын. Оған қоса, бұл демократияны нығайтуға және қоғамның билікке деген сенімін арттыруға үлкен серпін беретін жұмыс екенін атап көрсеткен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
– «Біздің тәжірибеміз халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Көпшілік оны жауапты әрі сындарлы диалогтың үлгісі ретінде қабылдады. Ұлттық кеңес қоғамның сенімін ақтай алатынын дәлелдеді. Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз», – деді.
Әлбетте, бұл тұрғыда депутаттар қашанда халықпен бірге. Халықтың үнін, мұң-мұқтажын билікке жеткізуші. Нақтылай айтсам, өңірлердегі халықпен жұмыс одан әрі күшейтіледі, депутаттар ауыл-аймаққа барғанда міндетті түрде аудан мен ауылдар деңгейінде халықпен жүздеседі, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, көкейтесті мәселелерді ортаға салып, жұртшылықпен талқылауы қажет. Осы бағытта біздің атқаратын жұмысымыз еселене түсері сөзсіз. Қойылған міндет пен берілген тапсырмалардың орындалуына ыждаһаттылықпен қарауға тиіспіз. Бұл бір жағынан бізге жүктелген жауапкершілігі мол қызмет болмақ.

Қайрат АУҒАЛИЕВ,
Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар