«Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызметі туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы №272 Заңына сәйкес Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарымен көрсетілетін «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызметін оңтайландыру көзделген, атап айтқанда:
–қызмет көрсету мерзімін он бес жұмыс күнінен он жұмыс күніне дейін қысқарту;
–мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқарту.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Агенттік) құрылуына байланысты «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» және «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызметтерін келесі жылдың басынан бастап Агенттік көрсететін болады.

Анықтама үшін тел.: 8 /7162/ 55-18-06.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар