«Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебі

Биылғы жылы елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет «Ұлы дала ұрпағы» атты шет елде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды. Тарихи Отанының бүгінгі келбетімен танысу үшін Ресей, Моңғолия, Иран, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 12-17 жас аралығындағы 150 қандасымыз келді.

Бұл жазғы мектептің мақсаты – Отанына, ата жұртына деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімдерін арттырып, ана тілін, Қазақстан тарихын меңгеруге академиялық қолдау көрсету. Одан әрі, жалпы балалар араласып, тіл табысуды үйрене алса деген ойда болды. Жалпы, бағдарламада ұлттық домбыраны, киіз басуды текемет тоқуды үйрететін үйірмелер болған.
Балалар стэм бағдарламасы бойынша математика, физика, химия, биология және робототехника пәндерін оқыды. Алайда, менің тобымда ең жас балалар болды, оларға тобыма көбінесе ДНК конструкциясын немесе конструкторлардан роботты құру ұнады. Өзіме физика пәні қатты ұнады, себебі бұл сабақта жетекшімен бірге біз зымыран моделін жасадық, ал соңғы күні біз оны аспанға ұшырдық.
Сондай-ақ, мектепте Қазақстан тарихы сабағы өткізілді. Бұл сабақта балалар қазақтың салт-дәстүрлерімен ата-бабамыздың тарихымен терең таныса отырып, одан әрі мектептегі «100 ән», «100 күй», жобалары арқасында қызықты шығармаларды үйренді. Сонымен қатар, оқушыларға арнайы зияткерлік ойындар өткізілді. Мысалы «Елтану ойыны». Балаларды бұл ойын қатты қызықтырды. Жалпы менің байқағаным бойынша, сабақтармен қатар әртүрлі іс-шаралар оқушыларда көшбасшылық және шешендік қабілеттерді дамытуға көмектесті.
Күн сайын түскі астан кейін біз Нұр-Сұлтан қаласының нышанына айналған мәдени-тарихи нысандармен таныстық. Мысалы, біз Тұңғыш Президент кітапханасына, ҚР ұлттық мұражайына, Қазмедия орталығына, Атамекен-Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешеніне және көптеген көрнекті жерлерге бардық. Демалыс күндерде Қазақстан маржанына айналған Бурабайда болдық. Сонда балалар Бурабай өңірінің тарихымен танысып, осыған қоса орманның таза ауасымен дем алып осы жердің табиғи көрінісін тамашалады.
Бұл жобаға біз волонтер ретінде қатыстық. Волонтер жұмысымен жақынырақ танысып, өзіміздің көшбасшылық қабілеттерімізді дамыта алдық деген ойдамыз. Осыған қоса біз басқа елдерге бармай-ақ басқа ұлттардың мәдениетімен, дәстүрлерімен таныстық және көптеген жаңа достарды таптық. Бұл жоба бізге демалыстағы бос уақытты пайдалы өткізуге мүмкіндік берді. Осындай мүмкіндік берген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының әкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз. Осы жоба жылдан-жылға жалғасын тапса, оқушылар үшін көшбасшылық қабілеттерін дамытуға үлес қосатыны сөзсіз.
Жұмағұл Мират,
Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
8 «В» сынып оқушысы
Жетекшісі: Дариға БАЙГУЛИНА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар