Көрермендер ынтасы жоғары

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрындаҚазақстанныңХалық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен сері Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына арналған халықаралық «Сәлем» комедия театр фестивалі өтіп жатыр. Осы фестивальдің ашылу салтанаты алдында журналистермен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Онда Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиал директоры, ақын, жазушы Ерболат Баятұлы заманымыздың көрнекті сөз зергері Сәкен сері Жүнісов туралы баяндама жасап, қызықты деректерді ортаға салды. Сондай-ақ, салтанатты шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, фестивальға қатысушыларға сәттілік тіледі. Биыл Көкше жерінде осымен екінші рет өткізілетін фестиваль төрт күнге созылмақ. Бұл күндері қазақстандық театрлармен бірге, Түркия, Әзірбайжан мемлекеттерінен келген 8 театр ұжымы комедиялық қойылымдарымен бақ сынасып, өзара тәжірибе алмасуда.

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде өнерсүйер қауымның қошемет-қолдауымен қатысушыларға шетелдерден және еліміздің өзге қалаларынан келген фестиваль қонақтары қызыл кілем үстімен әрі қарай, театр өкілдері жүріп өтті. Әкелген қойылымдардың таныстырылуы жүргізілді.

Арнайы шақырылған театр мамандары осы өнер туындыларын көре отырып, «Үздік комедиялық қойылым», «Үздік актерлік ансамбль», «Үздік режиссура», «Үздік сценаграфия»,  «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік әйел адам бейнесі», «Үздік эпизодтық рөл», «Үздік дебют» қатарлы номинациялар бойынша үздіктерді анықтайтын болады.

Аталған фестиваль шымылдығы «Astana musical» театрының «Нөмір 13» комедиясымен ашылды. Осылай рет-ретімен қойылған қойылымдар соңында фестиваль үздіктері  анықталады. Әзірше фестивальға көрермендер ынтасы жоғары.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі. 

(Фестивальдің материалдарын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар