Тұрғындардың спортқа қызығушылықтары артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин халықты дене шынықтырумен және спортқа тарту жөнінде брифинг өткізді. Былтырғы жылдан беріоблыс аумағында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың көрсеткіші біршама артты. Барлығы 300 мыңнан астам адам тартылды.

Аймақта салауатты өмір салтын насихаттаумақсатында өткен жылы 1 мыңнан астам шара ұйымдастырылған.

– Облыс бойынша балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектептер мен клубтардағы секцияларға баруы біршама ұлғайған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 25 мыңға жетті. Спорттық мектептерде спорттың 60-тан астам түрі бар, соның 30-ға жуығы олимпиадалық спорт түрлері. Облыста спорт резервін дайындауды 29 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жүзеге асыруда. Айта кетерлігі, олардың 4-еуі олимпиадалық резерв, 10-ы мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиадалық резервті даярлау орталығы, олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжі, жоғары спорт шеберлігі мектебі мәртебелеріне ие. Сондай-ақ, төрт  кәсіби клубпен  дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған клуб бар, – деді Ардақ Төлендин.

Мүгедектерді қолдау туралы айта келе, баяндамашы Көкшетау қаласында оларға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл клубта спорттың 12 түрімен, нақтырақ айтқанда, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, үстел теннисі, армрестлинг, оқ ату, еркін күрес, тоғықұмалақ, шаңғы жарысы, футзал, грек рим күресі және бадминтонмен айналысуға болады. Клуб облыстың он өңірінде жұмыс істейді. Сонымен бірге, Ардақ Төлендин басқарма ұлттық спорт түрлерінің дамуына жете көңіл бөлетінін айтып өтті.

– Облыста 11 ұлттық спорт түрі дамып отыр. Олардың ішінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық  ату және ат спорт түрлері кең таралған.  Өткен жылы осы спорт түрлерімен айналысатындардың саны біршама артты. Ұлттық спортты  насихаттау мақсатында облыс бойынша 20 мыңға жуық адамның қатысуымен 150-ге жуық іс-шара өткізілді,–деді бұл орайда, баяндамашы.

Бүгінгі таңда облыс бойынша спорт инфрақұрылымының құрылысы белсенді жүргізілуде. Өткен жылы  Краснояр, Бестөбе елдімекендерінде, Степногорск пен Қосшы, Есіл қалаларында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Степногорскіде хоккей корты, Бестөбеде ашық спорт кешені, Щучинск қаласында спорт сарайының құрылысы қолға алынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бурабай ауданының Мәдениет ауылында, Жақсыда, Целиноград ауданының Родина елдімекенінде, Қорғалжын ауылында спорт кешені салынуда.

Бұдан бөлек, облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға облыстың 13 ауданында 62 спорт алаңы жасақталды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен шұғылдануға тарту жұмысы жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 500 адамға көбейген.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар