Тұрғын үй
Биылғы жылдың 11 айында 490,2 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4120 пәтер пайдалануға берілді. Бұл былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 110,1 пайыздық көрсеткіш.
2019 жылы республикалық бюджеттен арендалық тұрғын үй құрылысына 2923,4 миллион теңге бөлінсе, аталған қаржының 2679,0 теңгесі әлеуметтік аз қамтылған және 220,412 миллион теңгесі көп балалы отбасылардың баспаналы болуына бағытталды. Есепті кезеңде 14,9 мың шаршы метрлік 262 пәтер пайдалануға берілді. Ал, несие қаражатымен 220 отбасы жайлы пәтерлерге қоныстанды.
Биылғы жылы республикалық бюджет қаржысымен 176 көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Жыл соңына дейін Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасымен көп балалы 90 және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 36 отбасы тұрғын үйлі болмақ. Бұған қосымша, өзге де қаржы көздері арқылы көп балалы 178 отбасы баспана кілтін алып отыр.
Бұлардың барлығы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген.
Әлеуметтік нысан
Облыста 8,2 миллиард теңгенің әлеуметтік сала нысандары бой көтеруде. «100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері» бағдарламасымен 2019 жылы Астрахан ауданында осындай кешен пайдалануға берілсе, Жақсы ауданындағы стадионның қайта құрылысы аяқталды.
Степняк, Ерейментау қалаларында осындай нысандар, Макинск қаласында хоккей кортының құрылысы жүргізілуде. Аршалы ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен бой көтерген кешенге бөлінген қаржы толық игерілді.
Денсаулық сақтау саласында Көкшетау қаласындағы онкологиялық емхана және Шортанды, Целиноград аудандарында дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр.
Биыл Целиноград ауданындағы Қоянды және Қосшы ауылдарында 1200 орындық екі мектептің, осы ауданның Максимовка және Қажымұқан ауылдарында 300 орындық екі мектептің құрылысы басталды.
Жалпы, 2019 жылы барлық бағдарламалық бағыттар бойынша 19 нысанды пайдалануға беру көзделсе, 2020 жылы бұл құрылыстардың саны 23-ке жетпек.
Степняк, Ерейментау қалаларында осындай нысандар, Макинск қаласында хоккей кортының құрылысы жүргізілуде. Аршалы ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен бой көтерген кешенге бөлінген қаржы толық игерілді.
Денсаулық сақтау саласында Көкшетау қаласындағы онкологиялық емхана және Шортанды, Целиноград аудандарында дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр.
Биыл Целиноград ауданындағы Қоянды және Қосшы ауылдарында 1200 орындық екі мектептің, осы ауданның Максимовка және Қажымұқан ауылдарында 300 орындық екі мектептің құрылысы басталды.
Өнеркәсіп
Ағымдағы 2019 жылы облыстың өнеркәсіп саласы 690 миллиард теңгенің өнімдерін шығарды. Мұнда Көкшетау қаласына жалпы өнімнің 13,5 пайызы, Степногорск, қаласына – 21,6, Зеренді ауданына 32,2 пайызы тиесілі.
Тау-кен өндірісінде елеулі өсім бар. Сала еңбеккерлері нақты көлем индексін 113,4 пайызға жеткізіп, өндірілген өнім көлемін 66 миллиард теңгеге арттырды. Алтын өндірісі 19,6, жез рудасын алу 13,5 пайызға ұлғайды. Жалпы, өңдеу кәсіпорындарында нақты көлем индексі 101,6 пайызды құрап, 569,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.
Азық-түлік тауарлары өндірісінде былтырғы жылмен салыстырғанда 111,4 пайыздық өсім тіркелді. Облыста ет өндірісі 80,7 пайызға, сүт – 19,3, сары май дайындау 4,9 пайызға ұлғайды.
Сондай-ақ, резина және пластикалық өнімдер шығарудың нақты көлемдік индексі 141,2 пайызға артып отыр. Әсіресе, қаптар мен полиэтилен пакеттері өндірісі 9,2 пайызға өскенін атап өтуге болады.
Осы көрсеткіш (ИФО) машина құрылысы саласында 115,5 пайызға артты. Мұнда «ЕПК Степногорск» АҚ, Атбасар электровоз жөндеу зауыты, «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ жетекші орын алады.
Кәсіпкерлікті қолдау өңірлік Картасына құны 380 миллиард теңгелік 58 жоба енгізіліп, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.
Ағымдағы жылы, Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде, Жақсы ауданындағы «Урожай» ЖШС тәулігіне 50 тонна жарма және тез дайындалатын азықтық өнім шығара бастаса, Көкшетау қаласындағы «Намыс» құрылыс фирмасы» жоба құны 2,7 миллиард теңгелік, жылдық қуаты 100 мың текше метрлік темірбетон бұйымдары өндірісін пайдалануға берді. Мұнда 59 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, өңірлік үйлестіру кеңесі желтоқсан айында 4 миллиард теңгелік инвестицияны құрайтын 6 жаңа жобаны мақұлдады.
Жалпы, Ақмола облысында ҚР индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қолға алынғалы құны 500 миллиард теңгеден астам 107 жоба тіркеуге алынып, 11,7 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.
Туризм
Облыста демалыс және туризм индустриясы экономиканың басым бағыттарының бірі саналады. Қазіргі күні туристік кластер 700-ден астам нысанды қамтиды. Бұлардың қатарында 384 тынығушыларды орналастыру орны, 45 санаториялық-курорттық мекеме, 266 жол бойы сервисі, 68 туристік фирма, 3 мемлекеттік ұлттық табиғат паркі бар.
Өңірде 900 тарихи-мәдени ескерткіш, құрамында 8 киелі жерлер бар 80 туристік бағыт тіркеліп, мұнда 10 туристік оператор қызмет көрсетеді. Туристік тартымдылыққа сәйкес, облыстың барлық аймақтары базалық өңірлер саналады. Ал, Щучинск-Бурабай курортты аймағы Қазақстанның туристік картасындағы 10 топ қатарында ерекше даму үстінде. Мұнда зәкірлік инвестициялық жобалар салалық дамуға ерекше екпін қосуда.
Туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңірлік жобалық офис құрылды. Мұндағы шеберлік жоспары 12 бағыттағы 68 іс-шараны қамтиды. Қазіргі таңда курортты аймақты дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған ІІІ кезеңі табысты жүзеге асырылуда.
Облыстың туристік саласы 2020 жылғы айтулы шараларға қызу дайындық үстінде. Қазақстан-Ресей шекаралық аумақтары ынтымақтастығының халықаралық Форумы, Әл-Фараби, Абай мерейтойлары мен Алтын Орда хандығының ұлы тойы астаналық облыс туристік саласының өрісін кеңіте түсетіні анық.
Спорт
2019 жыл облысымыздың спорт саласы үшін толайым табыстарға толы болды. Ақмолалық спортшылардың жеңісті де жемісті сәттері барша қазақстандықтарға мерей.
Облыста спорттың инфрақұрылымын дамытып, халықтың бұқаралық спортқа деген сұранысын арттыру, оған қоса жоғары спорттық жетістіктерді одан сайын молайту спорттық ұйымдардың жұмыстарының негізгі бағыты. Қазір Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты 2025 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасын және Ақмола облысының аймағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бағытында біршама жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі күні облыста 200 мыңнан астам адам спортпен айналысады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама көп. Спортқа қызығушылығы бар, онымен айналысамын деген азаматтарға облыста 2444-і спорттық нысан қызмет етеді. Олардың 1711-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Жыл басынан бері жаңадан 36 спорт нысаны іске қосылды. Астрахан ауданында құны 259,8 миллион теңге болатын дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Ерейментау ауданында – 457,4 миллион теңге, Біржан сал ауданында – 544 миллион теңгеге жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды. Ал, Аршалы ауданының орталығында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының аясында 2019-2021 жылдарға жоспарланған жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
«Менің Елім» әлеуметтік бағдарламасы аясында көпфункционалды спорт алаңдарын салуға арналған «Самұрық-Қазына» корпоративтік қорымен бірлескен жұмыс жалғасуда. 2019 жылы осы бағдарлама шеңберінде 298,5 миллион теңгеге облыстың 4 өңірінде 5 спорт алаң салынды (Көкшетау қаласы-2, Щучинск қаласы-1, Атбасар ауданы-1, Жақсы ауданы-1).
Жыл басынан бері облыс бойынша 27 спорт алаңы және 3 хоккей корты жабдықталып, жөнделді, оның 17-сі инвесторлардың қаражаты есебінен салынды. Биылғы жылы спорт саласындағы жетістіктердің бірі – «Ұшқын» ерлер волейбол командасының құрылуы болды.