Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме? - АРҚА АЖАРЫ

Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме?

Жалпы, біз бұл күн басқа ұлттың төл мерекесі, біздің Жаңа жылымыз наурыз айында деп есептегенімізбен, 31 желтоқсан күні аталып өтетін бұл мейрамның жан баласы үшін алар орны ерекше екендігін мойындауымыз керек. Балаларды айтпағанда, үлкендердің өзі Жаңа жыл мерекесіне аса ыждаһаттылықпен дайындалып, ғасыр дөңгелегі алға жылжып, тағы бір жылды артқа тастаған сәтте болашағының өзгеретініне үмітпен қарайтыны бар.

Қалай дегенмен де жақсылықты, келер күнге деген сенімді нығайта түсетін, адамдардың бір-біріне деген риясыз көңілін паш ететін, сұлулық пен тосын сыйларға толы сол бір әдемі күннің орны ерекше.
Есіңізде болар, сіз бен біз бала кезімізде Жаңа жыл қарсаңында Аяз атаны асыға күтуші едік қой. Ақ сақалды атаға ақжарма тілегімізді арнап, асқақ арманымызбен бөлісетінбіз. Сыйлықтан да дәмелі екенімізді жасырмай армандап жүрген ойыншықты Аяз атаның өзі ғана әкеле алатынына сенімді болатын едік. Түн қараңғысы түскенде құс жастықтың астына ұрлана үңіліп, Аяз ата тілегімізді орындаса екен деген бір үмітпен көзіміз ілінетін.
Биылғы Жаңа жылға жұртпен ілесе мен де дайындық қамына кірісіп кеткем. Жолдасыма дастархан басында балаларға сыйлық ретінде ойыншықтар әперуіміз керек екендігін жеткіздім. Ол кісі мен сұраған қаражатты қолыма ұстатты. Таңертең балаларды балабақшаға киіндіріп жатқаным сол еді, кішкентай Әлиханым «Анашым, кеше әке конструкторға жетіндей ақша берді ме, өзі?» деді. Төрт жасар баланың осындай сұрақ қоятынын күтпеген болуым керек, алғашында тосылып қалдым. Ол да сөзін нақтылап «Аяз атаның атынан әперсін деген ойыншықтарды айтамын, ана» деді шегелеп. «Әрине, құлыным, қалағаныңды аламыз» дедім мен де еріксіз жымиып.
Осыдан кейін балаға Аяз атаға хат жаз деп айтудың өзі қисынсыз ба деген ойға қалдым. Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме? Біз осы сұрақ бойынша бірнеше мектеп оқушылары мен балабақша балдырғандарын сөзге тартып көрдік.
Солардың бірі – Жалғас ХАМИТ. Ол Көкшетау қаласындағы гуманитарлық-техникалық лицейдің 7 сынып оқушысы.
– Аяз атаның қиялдан туған кейіпкер болғанына еш өкінбеймін. Оның несі жаман? Ал, қиял ғажап ертегі кейіпкерінен сыйлық алу керемет. Бұл мерекеге ерекше сипат беріп тұр. Біз түгілі үлкен адамдардың өзі сол күні бір ғажайыптың болатынына сенімді. Әдемі шырша, келісті образдар, мол дастархан, ақжарма тілек, түрлі-түсті от шашулар маған жаңа жылдың осынша қуаныш сыйлай білетін осы бір сәттері ұнайды. Негізі жан-жақты ойластырылған мереке. Отбасылық мереке болған соң, үлкен-кіші демей, бәрі де асыға күтеді деп ойлаймын. Ержетіп келемін ғой. Сондықтан да, Аяз атаға сенемін деудің өзі қисынсыз. Себебі, қазіргі балалар көп мағлұматты әлеуметтік желілер арқылы біліп алады.
Айдана КӨЛБАЙ,
Көкшетау қаласындағы «Айша» балабақшасының бүлдіршіні.
– Аяз ата әрине болады. Біз оны асыға күтеміз. Шырша безендіріп, соның астына хат жасырамыз. Бақшада Жаңа жыл мерекесіне жақсылап дайындалдым. Аяз атаға арнап тақпақ жаттадым. Әжем әдемі көйлек те әперді. Ханшайым боламын. Аяз ата тезірек келсе екен…
Мирас СӘДУАҚАС,
Көкшетау қаласындағы №8 орта мектептің даярлық сыныбының оқушысы.
– Үлкен ағалар арнайы тігілген киімдерді киіп, Аяз ата болып жүреді. Біз де Жаңа жылда ертегі кейіпкері болып киінуіміз керек. Бұл мерекенің шарты. Мен былтыр «күшік» болып киіндім. Биыл батыр боламын. Ал, інім Аяз атаны күтіп жүр. Әпкеміз Аяулым бізді отырғызып қойып, бәріміздің атынан Аяз атаға хат жазды. Мен биыл даярлық сыныбына бардым. Жазу үйреніп жүрмін. Аяз атадан автотрэк ойынын сұрайтын шығармын…
Р.S: Бұрнағы жылдары «Казпочта» акционерлік қоғамы балаларға арнап «Аяз атаға хат жаз» атты жаңажылдық науқан өткізіп еді. Сондағы сарапшылардың айтуынша, Аяз атаға хат жазған мыңдаған балалардың тілектері де әр алуан екен. Бір өкініштісі, балалардың арасында «Аяз ата анамның несиесін жауып берші» немесе «бізге пәтер керек» деген сияқты тұрмыстық қиындықтарға байланысты өтініштер де кездескен. Ең бастысы, бала жүрегін алаңдатпайықшы! Бала арманы асқақ болғаны абзал. Ал, сол жарқын болашаққа жол сілтер сіздер мен біздерміз!
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар