Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абайға қарап ой түзейік - АРҚА АЖАРЫ

Абайға қарап ой түзейік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай жазған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан өзіме көп ой түйдім. Президент бұл мақалада бірнеше мәселені көтерді. Біріншісі – Абайды тану, екіншісі – Абай идеяларының қазіргі заманда да өзекті болуы және үшіншісі Абайды бар әлемге ортақ тұлға ретінде таныту.
Мақалада бұдан басқа тіл, мәдениет, еңбек мәселелері де айтылған. Ең басты міндетіміз – Абай арқылы біздің ұлттық болмысымызды, қасиеттерімізді шыңдау. Бұның өсіп келе жатқан жастарға, өскелең ұрпаққа, яғни, бізге тікелей қатысы бар деп санаймын.
Абай XIX ғасырдың ұланы болғанымен, ол жалпыадамзаттық мәселелерді айтты. Одан бері қоғам өзгерді, қоғамдық қатынас өзгерді, бірақ, адамның ниеті, махаббаты, ұмтылысы өзгерген жоқ. Осы тұрғыдан қарасақ, Абайдың айтқан ойлары әлі де өзекті әрі маңызды.
Экономикалық, дипломатиялық, саяси, спорттық жетістіктеріміз жағынан әлемге танылып жатырмыз. Осы жолда Абай секілді ел қамын ойлайтын, ел абыройын қорғайтын саңлақтарың болуы керек. Біз, жастар да ұлы Абайға қарап бой мен ой түзейміз. Бұл – Қазақстанның болашағы біздей жастардың қолында деген сөз.

Жасұлан ҚАЛИЕВ,
ауыр атлетикадан жасөспірімдердің екінші Олимпиадалық ойындарының қола жүлдегері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар