Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Комиссия жұмысына қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Комиссия жұмысына қатысты

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсинаның қатысуымен партияның сайлауалды бағдарламасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша өңірлік комиссия отырысы болып өтті.

Мәжіліс депутаты Майра Айсина отырыс алдында журналистерге берген сұхбатында жұмыс сапарымен облысымыздың Целиноград, Зеренді, Ерейментау сияқты бірқатар аудандарында болғанын, жергілікті жерде қордаланып қалған мәселелер көп екенін, соларды Үкіметке жеткізетінін мәлімдеді. Мәселен, халық қалаулысы сапар барысында жолдарды жөндеу, су құбыры, газбен жабдықтау, жылумен қамту мәселелеріне мән бергенін айтты.
– «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 900 миллиард теңге қаражат бөлініп отыр. Осы қаражатты тың жобаларға пайдаланып қалыңдар, халықтың игілігіне жұмсаңдар деп жүрген жерімде айтып жүрмін. Ендігі мәселе, бүгінде 720-ға жуық халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бар. Соның 80 пайызы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылуда. Биыл мемлекеттік қызмет көрсетуді 90 пайыз электронды форматқа көшіру міндеті тұр, – деген депутат мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбын да көтерді. Бұл іске мемлекеттік органдар ғана емес, қарапайым тұрғындар да мүдделі болуы керектігін айтты. Азаматтардың көбісі электронды сандық қолтаңба дегенді, оны қалай пайдалануды білмейді.
Осы ретте, облысымыздың өкілетті органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар және 2019 жылдың жұмыс қорытындылары туралы баяндаған Ақмола облысы әкімі аппаратының бөлім басшысы Данагүл Жұмабек белгілі бір себептерге байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді түгелдей автоматтандыру әлі мүмкін болмай отырғанын жеткізді. Жалпы, өткен жылы облыс бойынша 4 953 772 қызмет көрсетілген. Оның 4 515 445-і электронды форматта, 95 605 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы, 342 722 қызмет қағаз нұсқасында көрсетілген. Еңбекке жарамсыздық парақтары, денсаулығы жайлы анықтама, жедел жәрдем шақырту секілді бірнеше қызмет түрі электронды форматқа ауысқаннан кейін облыс бойынша электронды форматта көрсетілген ең көп қызмет түрі медицина саласында байқалып отыр.
Сондай-ақ, өңірлік комиссия отырысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Ризахмет Жанбеков өз мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар