Өзі білім алған мектебінде болды

Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 гимназия ұжымымен кездесті.

Нұрлан Баянғалиұлы білім алып, өзі түлеп ұшқан мектепке 100 жыл толып отыр. Мектеп ұжымы халық қалаулысын ыстық ықыласпен қарсы алып, мектептің тарихымен таныстырды. Нұрлан Әлімжанов мектептің музейінде болып, білім нәрімен сусындатып келе жатқан мектептің музейін аралап, тарихымен танысып, қолтаңбасын қалдырды. Одан кейін мәжіліс залында өткен кездесуге жоғарғы сынып оқушылары, ұстаздар қауымы қатысып, елдің әлеуметтік мәдени саласына қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Өз кезегінде халық қалаулысы Нұрлан Әлімжанов мектеп кітапханасына айтыскер ақын, жазушы, жыршы-манасшы Баянғали Әлімжановтың тарихи тағылымы мол кітаптарын сыйлап, ән шашуын арнады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға жазылғандардың дені әйел азаматтардың зейнеткерлік жасын төмендету, жалғыз қалған көп балалы аналардың материалдық жағдайын жақсарту турасында сұрақ қойды.
Сапар соңында депутат «Көкше» телеарнасының ұжымымен кездесті. Кездесуге қатысқан журналистер қауымы халық қалаулысына ізгі тілектерін арнап, жұмысына сәттілік тіледі. Төртінші билікке жататын журналистер қауымы не мемлекеттік қызметке, не бюджеттік сала қызметкерінің қатарына жатпайды. Сондықтан, пәтер кезегіне тұра алмай, арендалық тұрғын үй алуға мүмкіндік жоқ. Көкшетаулық журналистер осы мәселені көтерді. Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов облыстық теларнаның эфирінен шығатын «Әлеумет» саяси-әлеуметтік бағдарламасының қонағы болып, сұрақтарға жауап берді.
Динара Дүйсен,
«Nur Otan» партиясы
Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар