Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абай мұрасы – ел мұрасы - АРҚА АЖАРЫ

Абай мұрасы – ел мұрасы

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев облыстық сот пен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің бірлесіп өткізген «Абай – би, Абай – заңгер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Абайды ұлықтауға арналған алқалы жиынға сәттілік тіледі, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі Нұрлан Қалқа, Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің өкілдері мен Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық соттың алқа төрағалары, судьялары, аудандық және оған теңестірілген ауданаралық соттардың төрағалары, соттар әкімшісі мен соттар кеңселерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Өткен жылдың мамырында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы Жарлыққа қол қойды. Ал, 2019 жылдың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ұлы тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керектігіне баса назар аударды. Біз көбінесе Абай Құнанбайұлын қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, классик ақын, заманның әділ биі, ел бастаушы кемеңгер ретінде танитын болсақ, бүгінгі күні абайтанушылардың арқасында оның заң шығарушылықпен айналысқанына да куә болып жатырмыз.
Конференцияны Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Абай бабамыз туралы кіріспе сөбен ашты.
Ақмола облысының судьялары мен сот қызметкерлері өткен жылдың 5 қыркүйегінде Абайдың даналық сөздерін оқу бойынша «Әр сөзінен ұғындырған ұлылық» тақырыбында эстафета түріндегі челендж өткізуді бастап кеткен болатын. Бүгінгі күні 200-ге жуық судья мен сот қызметкері сол челенджге қатысып, 50-ден астам бейнеролик жасалған. Енді міне, осы игі іс-шара республикалық конференцияға ұласып отыр.
– Жалпы, Абай бабамыз туралы қай қырынан, қай жағынан алып қарасақ та, көп айтуға болады. Бүгінгі ғылыми-тәжірибелік конференцияда да барлық қырынан ашамыз деп айта алмаймыз. Бірақ, осы шараның арқасында барша ұл-қыздарымызға Абайдың ойын жеткізіп, оны дарыта білсек, бұл сіздер мен біздердің Абай тануға қосқан үлесіміз болмақ, – деді сот төрағасы өз сөзінде.
Иә, дала сахарасында туған бала Абай бүгінгі күні тобықтының, болмаса, бір Алаштың ғана емес, бүкіл адамзаттың Абайы болғаны баршамыз үшін зор мақтаныш.
– Біздің тағы бір айтар ойымыз заңгерлік қыры. 1885 жылы Шар өзенінің бойында Қарамола деген елді мекенде үлкен съезд болады. Сонда генерал-губернатор Скридский Абай бабамызға қолқа салады. «Қазақтардың арасында дау-дамай көбейіп кетті. Осыны азайту үшін не істеуге болады?» дегенде, Абай атамыз «оған заң керек» деп үн қосады. Сөйтіп, өзі қазақтың бай дәстүрінен, Жеті Жарғы, басқа да жайлардан ой түйе отырып, патшалық Ресейдің заңдарынан тыс жаңа заң жазады. Осы заңның бүгінгі күнге дейін алатын орны өте ерекше. Абай бабамыз бүгінгі біздің қоғамдағы биліктің үш саласында да қызмет етті. Жиырмаға толар-толмас шағында болыс болса, 40 жасында төбе би болды, одан кейін заң шығарумен айналысты. Оның бәрін аша білу, халыққа жеткізе білу бүгінгі аға ұрпақ пен ертеңгі өскелең ұрпақтың еншісінде, – деді
Досжан Сарманқұлұлы одан әрі.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының құттықтау хаты оқылды.
Облыс әкімі Ермек Боранбайұлы конференцияға қатысушыларға арнаған сөзінде, облыстық соттың Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен бірлесіп, республика көлемінде өткізіп отырған айтулы шарасына ризашылығын білдірді.
Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мемлекеттік және халықаралық деңгейде атап өтіп жатырмыз. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Абай күллі адамзаттың рухани сардарларының бірі», деп атап көрсеткені белгілі. Осыған орай, елімізде қаншама игі шаралар қолға алынуда. Абай еңбектерінің бүгінгі таңдағы өзектілігі, одан қандай тағылым алуымыз керектігі баршамызды да ойландырары хақ. Абайдың мерейтойын атап өту үшін Ақмола облысында да ауқымды іс-шаралар жоспары жасалып, іске асырылуда.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев сөз сөйлеп, «Абай әлеміндегі адам құқығы және қазіргі кезең» тақырыбында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құқықтану кафедрасының профессоры Нәзигүл Ғазизова, «Абай мұрасы және мемлекет мүддесі» тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев баяндама жасады. Сондай-ақ, конференцияда басқа ғалымдар мен судьялар да сөз алып, «Абай мұрасындағы рух категориясы», «Абай және ХХІ ғасырдағы жер дауларын шешу мәселелері», тағы басқа баяндамалар тыңдалды.
Конференция соңы Абай оқуларының байқауына ұласып, жеңімпаздар тиісті жүлделермен марапатталды. Сөйтіп, бұл тағылымды шара да Абай болмысы, оның рухы халқымыздың жадында мәңгі жасай беретінін көрсетті.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар