Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік бағдарлама толық орындалуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік бағдарлама толық орындалуы керек

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев кезекті әкімдік мәжілісінде білім берудің және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырудың қорытындыларын қарап, осы іске жауапты басқармалардың басшылары мен әкімдерге нақты тапсырмалар берді.

Әкімдік отырысында өңір басшысы жиналғандарға жаңадан тағайындалған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясовты таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Күн тәртібіне сай алғашқы мәселе бойынша облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов баяндама жасады. Оның айтуына қарағанда, білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 3 нысаналы индикатор, 30 көрсеткіш және 85 іс-шара қарастырылған. Жергілікті атқарушы органдарға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 3 нысаналы индикатор мен 21 көрсеткішті орындау жүктелген. Өткен жылы облыстың білім беру саласын қаржыландыруға 68,8 миллиард теңге қаржы бөлінген.
Облыста мектепке дейінгі біліммен 3-6 жастағы 37022 бала қамтылған. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 8388 балаға арналған 87 мектепке дейінгі мекеме ашылған.
–2019 жылы Көкшетау қаласында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Шортанды ауданының Төңкеріс ауылында 140 орындық балабақшаның құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, биылғы жылы Көкшетау қаласында екі балабақшаның құрылысын бастауға қаражат бөлініп отыр, – деді Валерий Гамазов.
Сонымен қатар, ол облыста үш ауысымды мектептердің санын азайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығына да тоқталды. Осы ретте, 2019 жылы 13 білім беру нысанын салуға және қайта жаңартуға 5,8 миллиард теңге қаржы бөлініп, оның үшеуі пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, басқарма басшысының міндетін атқарушы педагог мамандығының мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету және педагогикалық білім беруді жаңғырту аясында жыл сайын 4 жыл бойына педагогтардың еңбекақысын 25 пайызға арттыру бойынша шаралар қарастырылып отырғанын атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров 2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасының жүзеге асырылуының қорытындылары туралы баяндады. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында өткен жылы 1,4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Осы арқылы 13 мыңнан астам отбасы бас-
пана мәселесін шешкен. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 534 мың шаршы метр тұрғын-ұй пайдалануға берілген.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев айтылған барлық мәселелер бойынша қолға алынған жұмыстарды ширатуды, сондай-ақ, аудандар мен қалалардың әкімдеріне, тиісті басқармалардың басшыларына тұрғын үй құрылысын жандандырып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаржыны толық игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиын соңында облыс әкімі боранды күндері құтқару жұмыстарын ұйымдастыруда белсенділік танытқан Ақмола облыстық ТЖД бастығы Алексей Советовке «Ерлігі үшін» медалін табыс етті. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған Марат Иғалиевті жаңа қызметке ауысуымен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар