Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейі жақсы бағаланды

Ақмола облысы мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы және халықтың осыған деген сұранысын қанағаттандыру жағынан республика бойынша үздік шықты.

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттiк қызметтердің ұсынылуын талдау бөлiмiнiң басшысы Данагүл Жұмабектің айтуынша, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырысымен жүргізілген қоғамдық тексеріс қорытындысы бойынша облысымыз 5 мүмкіндіктен 4,92 ұпай жинаған. Рес-
публика бойынша орташа ұпай – 4,73. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасы ашықтық, қолжетімділік, қолайлылық, қызмет ұсынушының клиентпен жұмыс істеу қабілеті бойынша анықталды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының тұрғындары жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасын жоғары бағалады. Өткен жылы аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың тапсырмасымен осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, арнайы оқыту ұйымдастырылды. Екіншіден, ашық әкімдік сервисіне көшірілді. Бірқатар әкімдіктер кедергісіз кеңістік арқылы қызмет көрсете бастады. Бұдан бөлек, өңірлерге шығу арқылы бақылау шаралары қолға алынды. Күн сайын өтініштерді қарау мерзімінің бұзылуының алдын алу бойынша мониторинг жүргізіліп тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да одан әрі жалғаса бермекші.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар