Үкіметтік емес ұйымдар мәліметтер базасында тіркелуге міндетті

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Сара» қоғамдық қорының төрайымы Сара Баймағанбетованың қатысуымен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын республикалық мәліметтер базасына тіркеу мәселесі бойынша брифинг болып өтті.

Үкіметтік емес ұйым дегеніміз – азаматтық қоғамның құрылуына әсер ететін, халықтың әлеуметтік мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ақмола облысы бойынша әділет департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір біздің облыс-
та 718 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 165-і қоғамдық қор, 514-і қоғамдық бірлестік, 39-ы заңды тұлғалар бірлестігі болып табылады. Заң бойынша мұндай ұйымдар жыл сайын 31-ші наурызға дейін өкілетті органдарға өздерінің қызметі туралы мағлұмат беріп отыруы қажет. Дегенмен, 2019 жылы 281 ұйым ғана өз жұмыстары туралы осындай ақпарат берген. Мұның өзі осы ұйымдар арасында іс жүзінде өз жұмыстары жайында бүкпесіз мәлімет беріп, ашық ақпарат таратуды жөн деп таппайтындары да бар екенін көрсеткен. Сол себепті, алдағы уақытта үкіметтік емес ұйымдардың республикалық ортақ мәліметтер базасына тіркелуі назарда ұсталатын болады. Үкіметтік емес ұйымдар өз жұмыстары туралы мәліметпен бірге, жеке мүлкі, құрылтайшысы жөнінде атап көрсетіп, шығын есебін де тапсыруы керек. Өткен жылы аталмыш ұйымдар мемлекеттік тапсырыспен 93 жобаны жүзеге асырған. Волонтер жылында тағы 25 жобаны аукционға қоюды жоспарлап отыр. Енді оған тек мәліметтер базасына тіркелген үкіметтік емес ұйымдар ғана қатысуға құқылы.
–2016 жылдан бастап еліміздің барлық үкіметтік емес ұйымдары республикалық мәліметтер базасына өз қызметтері жөнінде мәлімет беріп отыруға міндеттелген. Алайда, бұл талап әлі жете ескерілмей келеді. Ендігі арада атқарған жұмысы жайлы уақытында есеп берілмесе, ол ұйым мемлекеттік тапсырыстар жобасының байқауларына қатыстырылмайды. Сонымен бірге, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады, – деген қоғамдық қор төрайымы Сара Баймағанбетованың сөзі барлық үкіметтік емес ұйымды ойландыруы тиіс.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар