Көкшетаудағы Достық үйінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі ұйымдастырған шарада этно-мәдени бірлестік мүшелері ақынның өлеңдерін қазақ, татар, орыс және неміс тілдерінде мәнерлеп оқыды. «Ғалиябану» татар-башқұрт халықтық вокалдық ансамблі Абай әндерін сахна төрінде тамылжыта шырқады. Әдеби-музыкалық кеш қонақтары ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, Абайдың әндері шырқалғанда әншілерге бірге қосылып, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.