Жастар мемлекеттік қызметке келуде

Қабілет-қарымына қарай қызмет баспалдағымен алға жылжуға мүмкіндік жасалған мемлекеттік қызметке деген сұраныс жыл санап артып келеді. Оның тағы бір артықшылығы, жоғары білімі бар кез-келген адамның мемлекеттік қызметке кіріп, бақ сынауына мүмкіндігі бар.

2019 жылы бос мемлекеттік қызмет лауазымдары конкурстарына қатысқан 1277 адам мемлекеттік қызметке орналасыпты. Олардың басым көпшілігі жастар. Мемлекеттік қызметтегі бос орындардың 12 пайызы ауылдық округтердің үлесіне тиеді екен. Яғни, ауылда тұратын жоғары білімді азаматтарға бұл қолайлы мүмкіндік. Бос мемлекеттік қызмет орындары үшін өткізілетін конкурстардан бөлек, бос орындар жәрмеңкелері де жиі ұйымдастырылып тұрады. Биылғы жылдың 19 ақпанында Көкшетау қаласындағы Достық үйінде осындай бос қызмет орындары жәрмеңкесі өтіп, біраз жас қыз-жігіттер өз мамандықтарына сай жұмыс табуға мүмкіндік алды.
Айта кетерлік бір жай, «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасын алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілерге де қолдану мәселесі қарастырылуда. Бұның өзі шалғай ауылдарға баруға ынталы жас мемлекеттік қызметшілердің көбеюіне игі ықпалын тигізері анық.
Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар