8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еліміздің 100 жастан асқан әйел-аналарына құттықтау хаты мен гүл шоқтарын жолдады. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшылығы және қалалар мен аудандардың әкімдері Министрдің атынан біздің облысымызда тұратын осындай 16 адамды көктем мерекесімен құттықтап, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.
Министрдің ыстық ілтипатына ие болған Ақмола облысының ең қарт тұрғындары:
Әбенова Рыскүл 1912 жылдың 13 шілдесінде туған, Аршалы ауданы; Әбілдина Мәдина Мағзұмқызы 1920 жылдың 10 ақпанында туған, Астрахан ауданы; Ысқақова Зейнел 1918 жылдың 8 нау-рызында туған, Атбасар ауданы; Ибраева Ұмсын 1920 жылдың 1 қаңтарында туған, Бурабай ауданы; Уажанова Хадиша 1911 жылдың 1 қаңтарында туған, Көкшетау қаласы; Әлиева Сәлима 1917 жылдың 1 қаңтарында туған, Көкшетау қаласы; Өмірәлина Күлшара 1916 жылдың 12 қаңтарында туған, Көкшетау қаласы; Кашурина Ольга Родионовна 1919 жылдың 21 қарашасында туған, Көкшетау қаласы; Оразова Алтынай 1919 жылдың 10 тамызында туған, Көкшетау қаласы; Мусина Қатира 1912 жылдың 1 қаңтарында туған, Степногорск қаласы; Жавен Хамила 1920 жылдың 6 ақпанында туған, Ерейментау ауданы; Дойтен Дидар 1920 жылдың 1 қаңтарында туған, Ерейментау ауданы; Москвина Мария Моисеевна 1919 жылдың 26 ақпанында туған, Зеренді ауданы; Руденко Мария Андреевна 1919 жылдың 12 тамызында туған, Корғалжын ауданы; Раздобреева Александра Прокопьевна 1919 жылдың 1 сәуірінде туған, Целиноград ауданы; Серғазина Күлжиян Көкшетау қаласы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Қабдуәли Құлышев 103 жастағы Салима Әлиеваны Министрдің атынан мерекесімен құттықтауда.