Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Базарда баға тұрақты - АРҚА АЖАРЫ

Базарда баға тұрақты

Мұнай бағасының түсуінен доллардың қымбаттауы қарапайым халықтың алаңдаушылығын туғызып отырғаны жасырын емес. Тұрғындарды «енді азық-түлік бағасы да өсе ме?» деген сұрақ мазалайтыны сөзсіз.

Осы ретте, біз облыс орталығындағы халық көп баратын сауда орындарына барып, мәселені зерттеп көрген едік. Орталық базарда отыз жылдан бері ет саудасымен айналысатын Ғалия Бұзаубасова «Доллар қымбаттап жатыр. Бұл азық-түлік бағасына әсер ете ме?» деген сұрағымызға:
–Біз етті ауылдардан сатып аламыз. Доллар шетелден тауар әкелетін кәсіпкерлерге әсерін тигізбесе, бізге түк қатысы жоқ. Етті бұрынғы бағамен сата береміз, – деп жауап берді.
Осында, басқа да сауда орындарында болғанымызда еттің, басқа да азық-түліктің бағасы жаңа жылдан бастап біраз өскенін байқадық. Орталық базарда сиыр еті 1650-2200 теңгеден, жылқы еті 2200 теңгеден сатылып жатыр. Ет бағасының көтерілуіне орынды жалға алудың қымбаттауы әсер еткенін айтады аты-жөнін атамауымызды өтінген орталық базардың сатушысы:
–Былтырдан бастап аренда құнын өсіріп жіберді. 4 шаршы метр орынды 76400 теңгеге жалға алып отырмын. Салықты алып тастады да, орынды жалға алуды 60 пайызға қымбаттатты. Мемлекет шағын бизнеске қолдау көрсетіп жатқанда, бәз-біреулер керісінше, осыған кедергі болып жатыр. Доллар қымбаттаса, жанармай да қымбаттайды. Сәйкесінше, азық-түліктің бағасы да өспей қоймайды. Меніңше, әзір еттің бағасы қымбат емес. Қазір сары майдың бір келісін 3500 теңгеге сатып жатыр. Жақсы кәмпиттің бір келісі 4000 теңге. Жеміс-жидектің бағасы да шарықтап тұр. Ал, негізгі тамақтың бірі осы ет, – деді сатушы.
Орталық базарда бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер, соның ішінде қанттың бір келісі – 190, күріш – 320, кеспе 200 теңгеден сатылуда. Ал, сәбіз – 130, қырыққабат – 150, картоп – 120 теңге. Бұл ең арзан дегендері. Дүкен сөрелерінде 1 келісі 1000 теңге тұратын кеспені, 1 келісі 450-720 теңге болатын күрішті де көзіміз шалды. Өзін Евгений деп таныстырған сатушының айтуынша, қазіргі таңда тұтынушылар бағасы қымбат болса да, тек сапалы азық-түлікті алуға тырысатын көрінеді. Себебі, әлеуметтік желідегі неше түрлі ескертулерден денсаулығымызға зиян келе ме деп қорқады.
Бұл күні «Қамқор» әлеуметтік павильонында да болдық. Павильон әкімшісі Асылбек Құрманғалиев «алдағы уақытта да азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру мүмкін бе?» деген сұрағымызға сенімсіздеу жауап берді.
–Бізде азық-түлік бағасы тұрақты. Ешқандай өсім болған жоқ. Алайда, баға тауарды жеткізушілерден сатып алатын бағаға байланысты, – деген ол былтыр қараша айында «Қамқор» әлеуметтік павильонында Ақмола облысы тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын сататын арнайы бұрыш ашылғанын айтты. Мұнда тұтынушылар қарақұмық жармасын – 267, күрішті – 280 теңгеден сатып ала алады. Аталмыш екі өнімнен басқасының бәрі жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері.
Сонымен қатар, әлеуметтік павильонда бірінші сұрыптағы ұннан жасалған нан 90 теңге, пияз – 110 теңге, картоп – 100-110 теңге, сиыр және жылқы еті 1650 теңге тұрады. Әзірше, баға тұрақты. Тек, кеше жұмыртқаның бағасы қымбаттапты. Халықты әлеуметтік қолдаудың бір жолы – азық-түлік бағасын тұрақтандыру десек, қазіргідей жағдайда бағаны ұстап тұру қаншалықты мүмкін болар екен…
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар