Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туберкулез туралы не білеміз?.. - АРҚА АЖАРЫ

Туберкулез туралы не білеміз?..

Туберкулез дүниежүзі бойынша кең таралған аурулардың бірі болып табылады. XIX ғасырда Роберт Кох: «Егер аурудың қауіптілігін зардап шеккендердің саны бойынша анықтаса, онда туберкулез аса қауіпті жұқпалы аурулар болып табылатын бубон обасы мен Азия тырысқағынан асып түседі», – деген болатын.

Жыл сайын туберкулезден миллиондаған адам көз жұмады. Өкпе туберкулезімен ауырған және ем-дом қабылдамаған науқас жылына 10-15 адамға ауруын жұқтыруы мүмкін. Бірақ, олардың барлығы туберкулезбен ауырмайды, себебі, ағзаның қорғаныс күші болып табылатын иммундық жүйе туберкулез тудыратын вирусқа қарсы тосқауыл бола алады.
Облыста соңғы он жылдың ішінде туберкулезбен ауырғандардың саны 2,7 есе, осы аурудан көз жұмғандардың саны 4,6 есе азайды.
Иммунеті нашар, сонымен қатар, өкпе ауруына, қант диабетіне, асқазан жарасына, психикалық ауруларға шалдыққан, ішімдікке, есірткіге тәуелді және АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдар туберкулез ауруына жиі шалдығады. Үйдің суықтығы, ақуызы мен дәрумендері аз біртекті тамақтармен қоректену, сонымен қатар, шылым шегу, қалжырау, есірткі мен алкогольді пайдалану сияқты жаман әдеттер адамды көп жағдайда туберкулез ауруына алып келеді.
Туберкулездің негізгі белгілері: екі аптадан асқан уақыт бойы жөтел қысу, тамаққа тәбеттің болмауы, арықтау, түнде терлеу, дене температурасының 37,5 градусқа дейін көтерілуі, дене әлсіздігі, тез шаршау, кеуде қуысының ауырсынуы, қақырықтан қан шығу. Осы белгілердің бірнешеуі болған жағдайда, туберкулезді емдейтін медициналық мекемелерге көріну керек. Туберкулездің шағын түрлерінің алғашқы кезеңде ешқандай белгісі болмайды немесе белгілері сәл ғана байқалады. Адамдар бұл белгілерді аса байқамағандықтан, дәрігерге бармайды.
Егер туберкулез уақытында анықталса, оны емдеуге болады. Бұл ауру тым асқынып кетсе, өкпеде қайтымсыз жағдайлар болып жатады және оны емдеу қиынға түседі, тіпті, емдеуге кеш болуы да мүмкін. Бұл дегеніміз, ауру созылмалы түрге айналып, адам өліп кетуі де мүмкін. Ауруды уақытылы анықтап, оны ұзақ, үзбей емдесе ғана аурудан толығымен айығуға болады. Қазақстанда туберкулезбен ауырғандарды тексеру және емдеу тегін жүргізіледі.
Өкпе туберкулезін уақытында анықтау үшін емханаларда флюорографиялық кабинеттер жұмыс істейді. Шалғайда тұратын адамдарды тексеру үшін жылжымалы флюороаппараттары пайдаланылады. Жасөспірімдер, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, медицина қызметкерлері, білім, әлеуметтік салалар, әскери, құқық қорғау қызметкерлері, тамақ өнеркәсібінің мамандары, өкпенің созылмалы ауруы, қант диабеті, алкоголизм, есірткі, АИТВ/ЖИТС аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрған және иммуносупрессивті терапия алып жүрген адамдар, жаңа босанған әйелдер перзентханадан шыққанға дейін, ал, өкпесінде кінәраты бар адамдар, туберкулезбен ауырғандармен байланыста болғандар, бостандыққа шыққандар жыл сайын флюорографиядан өтуге міндетті.
2017 жылдан бастап облыста туберкулезді екі сағаттың ішінде анықтайтын туберкулез диагностикасының зертханасы жұмыс істейді. Денсаулығымыз – өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз жөн. Денсаулықтарыңызға бейжай қарамаңыздар!

Анастасия ЯРЧЕВСКАЯ,
Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар