Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіршілік - АРҚА АЖАРЫ

Тіршілік

Топырақтың мұнай өнімдерімен ластануына жол берілмеуі керек

Қоршаған ортаны ластаушы заттардың ішінде мұнай мен оның өнімдері басты орындарды иемденеді. Мұнай жəне оның өнімдері өсімдіктерге улаушы əсер ететін негізгі қауіпті экотоксиканттар болып саналады. Ластанған топырақ өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуына жарамсыз болып қалады. Ластаушы факторлардың тұрақты жəне ұзақ мерзімді əсер етуі өсімдіктердің түрлік құрамының өзгеруіне, фитоценоз құрылғысының бұзылуына да əкеліп соғады. Мұнай өнімдері мен жоғары дəрежеде ластанған аумақтар егіншілікке жарамсыз болып, пайдалы жер айналымынан шығып қалатыны өкінішті.

Жерді тиімді пайдалану Солтүстік Қазақстанның жағдайында ең өзекті мəселелердің бірі болып саналады. Осы тұрғыда жер ресурстарын тиімді пайдалану, ластау-
шы факторлардың көзін анықтау, оларды тазартуда биоиндикация жəне биоремедиация əдістерін қолдану өте маңызды іс-шараларға жатады.
Аталған тиімді тəсілдер мұнайдың токсиканттық əсеріне жоғары сатыдағы өсімдіктердің жауаптылық іс-əрекеттеріне негізделеді. Мұнаймен ластануға төзімді табиғи флора түрлері доминантты топты құрайды. Олар топырақтың рекультивациялану үрдісіне белсенді түрде қатысады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамырлары топырақтың үстіңгі қабатын қопсыту арқылы оның су-ауа режимін жақсартады. Нəтижесінде ризосфералық жəне көмірсутек қосылыстарын деструкциялайтын микрофлораның тіршілігін белсендіруге елеулі дəрежеде ықпал етеді. Мұнай мен ластанған топырақты толығымен қалпына келтіру үшін фитомелиорантты өсімдіктердің биорекультивациялық жұмыстардың жалпы циклінде маңызы зор.
Экологтардың пікірі бойынша қазіргі кезде қоршаған ортаны ластаушы заттардың бірі – мұнай жəне оның өңделген өнімдері. Мұнай өнімдері топырақта жəне микрорельефтің түрлі тереңдіктерінде жинақталады жəне олардың толық ыдырау үрдісі ұзақ уақытқа созылады. Мұнай өнімдері табиғат ортасына бұрғылау кезінде қолданылатын сұйықтықпен де түседі, сонымен қатар, ондай сұйықтықтардың құрамындағы бөлшектер топырақтың тұздануын арттырады. Топырақ бетіне түскен шикі мұнай битумды қосылыстар түзіп, топырақтың жоғарғы құнарлы қабатын тіршілік үрдісіне жарамсыз етеді. Жалпы мұнай өнімдерімен ластанған топырақ көлемі көп емес. Олар сақтайтын орындар, жанар-жағармай бекеттері, автобазалар, дала қосы маңдары. Бірақ, жыл өткен сайын ондай территориялардың ластану көлемі арта түсуде. Ластанған жердің əр гектары өзімен көршілес аумақтағы сондай ауданға залалын тигізеді. Қазіргі кезде табиғатты қорғау іс-шараларына жəне экологиялық зеттеулерге көп назар аударылуда. Мұнаймен ластанған топырақ, көбінесе шлак жəне асфальт үшін қайта өңделеді, ал, кейбір жағдайларда өртеледі. Экология министрлігінің статистикалық есебі бойынша соңғы 7-10 жылда рекультивациялық іс-шараларға қаржы бөлінбеген.
Мұнаймен ластанудың нəтижесінде жаңа экологиялық жағдай туады, осыдан барлық табиғи биоценоздар құрылымы терең өзгеріске немесе толық трансформацияға ұшырайды. Мұнаймен ластанған топырақтар педобионттық ағзалардың саны мен түрлік құрамының өзгеруіне əкеліп соғады. Бірақ, педобионттардың барлық түрлерінің ластануға жауап беру реакциясы бірдей емес.
Топырақ мезофаунасы жаппай өлімге ұшырайды. Аппаттан соң үш күннен кейін топырақ жəндіктерінің көп түрлері толығымен жойылады. Олар үшін мұнайдың жеңіл фракциялары өте улы болады. Топырақ микроағзалар жүйесі мұнаймен ластануға шамалы тежелуден кейін, өзінің сандық мөлшерінің артуымен жəне белсенділігінің күшеюімен жауап береді. Ең алдымен, бұл көмірсутек тотықтырғыш бактерияларға қатысты. Ластанбаған топырақтармен салыстырғанда, олардың саны бірден артады.
Зерттеулердің нəтижелеріне сүйенсек, ластанған топырақтарда көптеген топырақ ферменттерінің белсенділігі төмендейді. Осының бәрінен туындайтын қорытынды, қоршаған ортаның мұнай және оның өнімдерімен ластануына ешбір жол беруге болмайды. Бұл әсіресе, мұнаймен жұмыс істейтін орындардың басты назарында болуы керек.
Ережеп АМЗИН,
Ақмола облысы бойынша
экология департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар