Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қасиетті айдың тағылымы - АРҚА АЖАРЫ

Қасиетті айдың тағылымы

Twitter

Ислам күнтізбесіндегі қасиетті айлардың бірі – Рамазан айы жыл сайын ыстық ыждаһатпен есігімізді ашып, төрімізге озады. Биыл да бұл қасиетті айды тосқан жамағат еліміздегі төтенше жағдайға байланысты алаңдаулы болғаны рас. ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы журналистермен болған баспасөз мәслихатында аталған қасиетті айдың тағылымы жайлы кеңінен сөз қозғады. Ол Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жақындағы мәлімдемесін негізге ала отырып, адамдардың карантиндік жағдайында ораза ұстау ережелері жайлы айтып берді. Сонымен бірге, ізгілік айында қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлінетіні аталып өтті. Мұсылман адамның бет-бейнесін жақсы қырынан сипаттайтын онлайн уағыздар өткізілмекші. Ораза ұстаудың жай-жапсарын білгісі келгендерге мешіттердің ақпараттық арналарында арнайы ақыл-кеңес берілетін болады. Сонымен бірге, биылғы рамазан айында берілетін пітір садақасының ең төменгі мөлшері, жан басына – 370, фидия садақасы бір күнге — 1700 теңге болып бекітілді. ТЖ кезінде пітір садақасын Kaspi қосымшасы арқылы және Киви терминалдары арқылы беруге болады. Алдағы уақытта толық ақпарат және нұсқаулықтар беріледі.

Биыл ораза 24 сәуірде басталып, 23 мамырда аяқталады. 24 мамыр – Ораза айт мерекесі. Қадір түні мамыр айының 19-ынан 20-ына қараған түнге келеді. Жан басына пітір садақасы – 370 теңге.

Ескерту:

● Садақаны Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.
● Карантин кезінде тарауық намазы мешітте оқылмайды, бірақ оны үйде отбасымен бірге оқуға болады.
● Ораза ниет: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.
● Аузашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығын үшін ораза ұстадым. Саған имам келтірдім. Саған тәуекел еттім. Сен берген ризықпын ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!
***

Сәресіде айтылатын дұға:
«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауыз ашарда оқылатын дұға:
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».
Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар