1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні

Құрметті ақмолалықтар!
Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бұл мереке біздің әрқайсымыз үшін бейбітшілік пен келісім символына айналды. Біздің барлық табыстарымыз бен жетістіктеріміз бүкіл қазақстандықтардың ұлы және мызғымас достығының нәтижесі.
Биыл Бірлік күнін мерекелеу еліміз үшін төтенше жағдайдың күрделі кезеңінде өткелі отыр. Карантин жағдайында көп жұмыстар жүргізілгендігіне қарамастан, коронавирус пандемиясы әлі де болса үлкен проблема болып қалуда. Індетке қарсы күреске барлық материалдық және адам ресурстары жұмылдырылуда. Аурудың одан әрі таралмауы үшін қажетті шаралардың барлығы да қолданылып жатыр.
Ел Президенті Қ.К.Тоқаев халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдау жөніндегі барлық шараларды қарастырды. Соның нәтіжесінде шағын және орта бизнес нысандары, біздің аграршыларымыз үлкен көмек пен қолдауға ие болды. Осы дағдарыс кезінде «Ұлттың бірлігі оның әралуандылығында» принципі өзінің нақты тиімділігін көрсетті. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Біргеміз!» акциясы ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл акция мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді көздейді.
Барлық қиындықтарды жеңу үшін күш-жігерімізді біріктіре отырып, қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты одан сайын нығайта түсерімізге сенім зор. Мереке қарсаңында әсіресе, коронавируспен күрестің алғы шебінде жүрген және өз Отанына қызмет ету жолындағы кәсіби біліктілігі мен адалдығын іс жүзінде көрсетіп отырған медицина қызметкерлеріне, полицейлерге, әскери қызметкерлерге, волонтерлерге ерекше алғысымды білдіремін.
Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, біз өз облысымыздың одан әрі табысты дамуына, ойға алған жоспарларымыздың іске асырылуына және алға қойған міндеттерге қол жеткізілуіне барлық жағдайды жасай алатынымыз анық.
Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, зор денсаулық, бақыт және жақсылық тілеймін! Біз біргеміз!

Ақмола облысының әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы
Ермек Маржықпаев.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн көптеген жылдар бойы баршамыз үшін сүйікті және шын мәнінде бүкілхалықтық мерекелердің бірі болып келеді. Онда тарих пен қазіргі заман, халқымыздың бай рухани және мәдени мұрасы, ұлттық сипаттағы үздік ерекшеліктері біріктірілген.
Бүгінгі мерекенің шынайы, терең мәні Отанға деген шексіз сүйіспеншілікті, уақыттың үздіксіз байланысын, патриотизм, достық пен өзара түсіністік дәстүрлерінің сабақтастығын құрайды.
Бүгінгі күні бізге қазіргі заманның күрделі сын-қатерлеріне төтеп беруге тура келіп отыр және тарихымыздың тереңінен күш-жігер жинай отырып, мұқтаждарға көмек пен қолдау көрсетуге күш-қуатымызды біріктіріп, медицина, полиция қызметкерлеріне, еріктілерге алғыс білдіруіміз қажет. Еліміздің тағдыры әрқайсымызға тікелей байланысты екенін әрдайым есте сақтайық!
Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, әрбір отбасына амандық, өзара түсіністік, ертеңгі күнге деген сенімділік пен көктемгі көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Болашаққа деген үміт пен нық сенім әрқашан жаныңыздан табылсын!

Әлібек Баймағамбетов,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар