9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлері! Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен – даңқы ешқашан көнермейтін мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Жыл сайын осы бір ерекшелігі зор күні барлық қазақстандықтарды ұрыс даласында қалған боздақтарға деген терең тағзым мен біздің халқымыздың ең бір қатал, қанқұйлы соғыста көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін мақтаныш сезімі біріктіреді.
Барлық ақмолалықтардың атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тылда Жеңісті жақындатқан бүкіл аға ұрпақ өкілдеріне батырлықтары мен ерліктері, бізге сыйлаған ашық бейбіт аспан үшін шынайы ризашылық пен шексіз алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.
Бұл күндері біздің еліміз бүкіл дүниежүзі сияқты басынан ауыр жағдайды – коронавирус пандемиясын өткізуде. Біздің облысымызда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантинге байланысты шектеу енгізілген. Барлық жерде көпшілік шаралар тоқтатылып отыр.
Алайда, Жеңіс күні біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Сондықтан, біздің әрқайсымыздың парызымыз отандастарымыздың ұлы ерлігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, мәңгі жадымызда ұстау, оны ұлы ерліктің, жоғары патриоттылықтың және биік рухтың тарихы ретінде әрдайым құрметтеу болып табылады.
Қымбатты ардагерлер!
Сіздер лайықты ұрпақ тәрбиелеп, өсірдіңіздер. Бізде аға ұрпақтың ерлігін білетін, Отан қорғауды өзінің қасиетті борышы деп түсінетін тамаша жастар өсіп келеді. Біздің өз батырларымыз да бар. Олар өздерінің ерліктері, төзімділіктері, еңбексүйгіштігі және туған жерге сүйіспеншіліктері арқылы өздерінің ата-аналарынан, бабаларынан ең ізгі қасиеттерді бойларына сіңіргенін көрсете білуде. Жаңа ұрпақтың бірінші кезектегі міндеті – аса қымбат құндылық – адамның өмірімен келген бейбіт күнді, біздің игіліктерімізді, Қазақстанның қуаттылығы мен тұтастығын сақтау үшін бар күш-жігерді жұмылдыру.
Құрметті ардагерлер, сіздерге шын көңілден рух сергектігін, денсаулық пен жақсылық тілеймін. Қайғы-мұң сіздерді айналып өтсін, туған-туыс, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен жылылығы өмірлеріңізге қуаныш дарытсын. Әрбір үйде бейбітшілік пен келісім болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар