3700-ден астам түлек ҰБТ тапсырады

Қашықтықтан оқытуға көшу тестілеуге еш әсер етпейді. Бүгінде Ұлттық тестілеу орталығы дайындық тесттерін әзірлеген. Мектеп бітірушілердің сайтқа тегін кіру мүмкіндігі мол.

Сондай-ақ, тестілеуде биылғы оқу жылының ІV тоқсан тақырыптары қамтылмайды. Бұл – ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімі. Түлектердің және педагогтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін күшейту мақсатында санитарлық нормалар күшейтіледі. Ал, карантин шаралары ұзартылған жағдайда, министрлік ҰБТ өткізудің баламалы нұсқасын дайындайтын болады.
Облыста ұлттық бірыңғай тестілеудің сегіз бекеті жұмыс істейді. Олар Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Есіл, Степногорск, Ақкөл, Ерейментау қалаларында және Астраханка ауылында орналасқан. Осы бекеттердің басшылары тестілеуді тапсыру орындарын нұсқаулық талаптарына сәйкес келтіретін болады. Бұл аудиторияларды да-
йындау, бейнебақылау орнату, ұялы байланыс белгілерін басу жүйелерінің жұмысы.
Жалпы, биыл Ақмола облысында 4523 түлектің 3700-ден астамы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр.

Ақерке Бытышева,
«Aqmola news» тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар