Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денің сау болсын десең, тәртіпке бағын - АРҚА АЖАРЫ

Денің сау болсын десең, тәртіпке бағын

Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы «Орталық базар» аумағындағы сауда орындарында карантин тәртібіне сай санитарлық талаптардың қаншалықты сақталатындығына рейд ұйымдастырылып, жеке кәсіпкерлермен түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Осы бағытта арнайы құрылған мобильді топтар аудандарда да белсенді еңбек етуде.,

Құрамында жоғарыда айтылған департамент өкілдері мен санитарлық эпидемиологиялық мамандар, полицейлер бар үш мобильдік топ «Троя», «Вавилон», «Рубин», «Орталық базар», «Азия» сауда үйлеріне, даладағы қоғамдық асханалар мен жайма базарларға барып, қазіргі карантин талаптарының жеңілдетілген кезеңінде сақталуы тиіс санитарлық тәртіп нормалары бойынша түсіндірмелік жұмыстар жүргізді. Журналистер қауымы бірінші топ құрамына қосылып, халықтың көп баратын «Рубин», «Орталық базар» сауда орындарында болды.
«Рубин» сауда орталығындағы бірінші кірген дүңгіршектің ішінде төрт сатушы нан тағамдары мен тәттілер, сүт өнімдерін сатып тұр. Бұл дүңгіршекте санитарлық талаптар толық сақталады деп айта алмаймыз, іші де тар. Санитарлық-эпидемиологиялық мамандар тексеріс жұмыстарын жүргізіп, сатушыларға санитарлық тазалық жүргізу мен желдету тәртібін түсіндіріп, облыстың бас санитарлық дәрігерінің төтенше жағдай және карантин талаптары бо-йынша шығарған қаулылары мен тазалық сақтау ережелерін түсіндіріп берді. Сонымен бірге, балалар мен сәбилердің тағамдарын, ет, сүт, сусын, ойыншық, мата сататын дүңгіршектерге де кіріп, осындай санитарлық талаптардың сақталуын тексеріп, ескертулер жасады. Сатушылар маска мен қолғап кигенімен, антисептик құралдары тек өздеріне ғана қойылған. Біз кіргенге дейін қай дүңгіршек болсын, ондағы келушілер ешқандай әлеуметтік арақашықтық сақтамай, маскасыз, бесеу-ден артық жүрді. Бұл әзірше мобильді топтардың түсіндірмелік тексерістері. Енді олар алдағы күндері тексеріс жүргізуге ескертусіз шығып, талаптарды сақтамай, тәртіпке бағынбағандарға айыппұл салып, әкімшілік жауапқа тартады.
–11 мамырдан бері карантин тәртібі жеңілдетілді. Осыған байланысты сауда орындары мен қоғамдық асханалар, дәмханалар, балабақшалардың кезекші топтары, спорт нысандары іске қосылды. Бірақ, халық әлі де карантиннің сақталып қалғанын түсінбеуде. Сондықтан, сауда орындарында байқағандарыңыздай, көбісі маска кимей, антисептик іздемей, арақашықтық сақтамай жайбарақат жүр. Бүгін біз кәсіпкерлер мен сатушыларға ескерту жасап, түсіндірудеміз. Ендігі жолы нақты жауапкершілікке тартамыз. Қолдарына облыстың бас санитарлық дәрігерінің №57 қаулысында көрсетілген тәртіп сақтау ережелерін ұсындық. Шағын және орта бизнес өкілдері үшін әкімшілік айыппұл 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды, – деді облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Сәуле Сәдуақасова.
Мұндай жұмыстар Целиноград ауданында күшейтілген түрде жүргізілуде. Онда аталмыш департамент пен басқа да облыстың әкімшіліктерінен жіберілген мамандардан құралған үш бригада жұмысын жалғастыруда. Әр бригада 5 адамнан тұрады, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық мамандармен қатар полиция мен әкімдік қызметкерлері бар. Олар тұрғындар мен кәсіпкерлерге облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулыларының тармақтарын түсіндіріп, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуде.
Нақтылай түскенде, Қосшы ауылында коронавирус жұқпасының эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына байланыс-ты әр түрлі қызмет салаларындағы 309 кәсіпкерлік нысандарына күшейтілген тексеріс жүргізілді, әрбір үйдің ауласына барып, вирустық инфекциялардың түрлері, соның ішінде COVID-19 туралы жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, бұл мобильді топтардың эпидемиолог мамандары коронавирус ошақтарын зерттеу жұмыстарына, вирусты тестілеу жоспарларын құру, жұмыс істеп тұрған нысандар базасын құру және нақтылау бойынша іс-шараларға жұмылдырылды. Осылайша ондағы жұмысты күшейтуге іссапарға жіберілген қызметкерлер Нұресіл, Қабанбай батыр және Ақмешіт елді мекендеріндегі блок бекеттерге бақылау жүргізді. Соңғы бірнеше күнде Талапкер, Қараөткел, Қосшы, Қоянды, Оразақ ауылдарында барлық санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды аяқтады.
Жоғарыда келтірілген ауыл тұрғындары карантин талаптары мен сақтану тәртіптері бойынша көшедегі радиохабарламалар арқылы ақпараттандырылды. Қосшы ауылының жеке меншік секторында және Лесная поляна шағын ауданында мобильді топтар облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның қаулыларын жеке кәсіпкерлер мен серіктестіктердің басшыларына табыс етті.
Карантиндік іс-шаралар кезінде үй карантинін бақылау бойынша мониторинг жүргізілді. Барлық жұмыстар аймақтық жедел штабпен келісіліп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіледі. Мобильді топты Бұланды ауданының бас санитарлық дәрігері Дәметкен Мұхамеджанова басқарады.
Мұндай ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар карантин режимі кезінде үзбей жүргізіліп тұрады дейді департамент мамандары.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар