Абайдың мол мұрасы, нақыл сөздері өскелең ұрпақ бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға аса қажет. Балабақша – білім мен тәрбие берудің алғашқы баспалдағы. Сол себептен Абайдың шығармашылығымен бүлдіршіндер ең алдымен осы балалар бақшасында танысуы тиіс. Осы ретте, Абай Құнанбаетың 175 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды. Іс-шара аясында №15 «Әсел» балабақшасындағы №5 «Балдырған» тобының тәрбиеленушілері «Жыл мезгілдері» атты балалар суреттерінің көрмесіне өздерінің шығармаларын ұсынды.
Динара БАЯЗИТОВА,
Көкшетау қаласындағы №15 «Әсел» балабақшасының тәрбиешісі.