Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жол бойы жасыл желек жайқалады - АРҚА АЖАРЫ

Жол бойы жасыл желек жайқалады

Алдағы күзде өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХVII форумын қолдау аясында Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен «Бұқпа» орман шаруашылығының мамандары Көкшетау әуежайына баратын жол бойын көгалдандыру және абаттандыру бойынша экологиялық акция өткізді.

Акцияның мақсаты – тұрғындарды табиғат пен орманды қалпына келтіріп, көздің қарашығындай сақтауға, сондай-ақ, қала мен елді мекендер аумағын көгалдандыруға шақыру. Мамандар Көкшетау әуежайына баратын жол бойында ағаш көшеттерін отырғызды. Осы маңайды абаттандырып, қоршауларын бояды, 2 мың ағаш көшеттерін отырғызды.
Аталмыш басқарма басшысы Руслан Әубәкіров акция салтанатында әуежайға келген қала меймандары тамаша табиғатты көрулері керектігін айтты.
–Кеңес заманында аталып өтілетін Эколог күні 1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен тұспа-тұс келеді. Оның мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, жақсарту қажеттілігін қоғам санасына тереңірек сіңіру, оның жағдайы мен проблемасы жөнінде тұрғындарға ақпарат беру. Мәселен, кәсіпкерлер, фермерлер мен өндірушілер өз өндірісінің экологиялық жағдайына назар аударулары қажет. Орман шаруашылығы мен су ресурстарының инспекторлары жабайы табиғат аумағын күзетуді нығайтуы керек. Оқытушылар өз оқушыларын Жермен түсіністікте өмір сүруге тәрбиелеуі қажет. Жастар «жасыл» келешек жағында болуы керек. Бұл күн бізден бірлескен жұмысты талап етеді,–деген Руслан Әубәкіров Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің құттықтауын жеткізді. Онда: «Экология мәселесіне мемлекеттік деңгейде назар аударылады. Бұған салалық министрліктің әлеуеті жеткілікті. Табиғатты сақтау мәселесіне жүрдім-бардым қарамау керек. Бұған барлық қоғам белсенді араласуы тиіс. Тек осындай жағдайда біз оң нәтижелерге қол жеткіземіз,–деп атап көрсетілген.
Қоршаған орта мен еліміздің табиғи байлығын қорғауда, заңсыз аң аулаумен күресте үлес қосқаны үшін, кәсіби сапа, жаңашылдық пен бастама көтергені үшін саланың лауазымды тұлғалары мен бірқатар еңбеккерлері Мемлекет басшысының Алғыс хатымен, «Экология саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ, Құрмет грамотасы мен Алғыс хатты қоғамдық ұйымдар мен экологиялық белсенділер де иеленді. Министрлік экология тақырыбы бойынша Қазақстан оқушылары арасындағы балалардың республикалық суреттер конкурсының жеңімпаздарын марапаттады. Дауыс беру қорытындысында «Табиғат пен экологияны сақтау», «Жабайы аң әлемін сақтау», «Қоқысты сұрыптау», сондай-ақ, 10 үздік бейнеролик бойынша 28 жеңімпаз анықталды.
Жалпы, биылғы жылдың көктем айларында Көкшетау қаласының әуежайынан Нұр-Сұлтан-Петропавловск күре жолының бойына дейін 8 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланса, бүгінгі күні бұл міндет орындалды. Биыл жылы ағаш көшеттерін отырғызу жұмысына 500 миллион теңге бөлінді. Басқарма маманы Айтжан Құсманованың айтуынша, биыл 1309 гектар жерге ағаш көшеттері отырғызылған. Әуежай айналасындағы ағаш көшеттері күн сайын суарылады. Ақмола облысында 13 орман шаруашылығы жұмыс істейді. Орман қорықтарында қайың, қарағай, терек, шырша тәрізді көптеген ағаш түрлері өсіріледі. Жаз айларында қала бағындағы ағаштарға әртүрлі зиянкестер түспеуі үшін екі рет химиялық өңдеу жасалады.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар