Қазақстан бойынша  20-21 маусым демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақсатан  аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы болып өтті. Отырыста Қазақстанда демалыс күндері – 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі.   Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылып отыр.

Соған сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша: -сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі.

Қоғамдық көлік жұмысы шектеледі. Қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады.

Фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады. 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

   Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде: -қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады.

65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады. Ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар