Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында өткен Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қонақ есебінде қатысты.

Биылғы Жеңіс парады коронавирус эпидемиясына байланысты 9 мамырдан 24 маусымға ауыстырылған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды. Мәскеудің Қызыл алаңындағы бұл парадқа Қазақстанның десант-шабулдаушы бригадасының жауынгерлері де қатысып, қазақ елінің қарулы күштерінің бар келбетін айқын көрсетті.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап,
жеделхат жолдады.

«Америка халқының атынан алдағы уақытта Қазақстандағы бейбітшілікті, өсіп-өркендеу мен қауіпсіздікті одан әрі нығайту жолындағы еңбегіңізге толағай табыстар тілеймін. Сонымен қатар COVID-19 індетінің таралуына қарсы қабылдаған жедел шараларыңызға оң баға бергім келеді.
Пандемияны тоқтату және COVID-19 індетінен кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтіруде біздің бірлескен күш-жігеріміз маңызды болып қала бермек» делінген жеделхатта. Сонымен қатар АҚШ Президенті Қазақстанда қолға алынған реформаларды қолдайтынын айтып, екі ел арасындағы стратегиялық байланысты одан әрі дамыта беруге ниетті және кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында бастамаларды іске асыруда әрдайым серіктес болуға дайын екенін жеткізген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар