НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстан Діни бірлестіктері өкілдері жиналысы мүшелерінің діндарлар мен еліміздің барлық азаматтарына үндеуі жарияланды. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына үндеудің толық мәтінін ұсынады.
***
Құрметті отандастар!
Бауырлар мен әпкелер!
Қазіргі кезеңде жер бетінде барлық адамзат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия ретінде жүктеген COVID – 19 коронавирустық инфекциясына тап болды.
Коронавирустың пандемиясы бүкіл әлемге тиген күрделі жағдайда біз, қазақстандықтар, осы уақытқа дейін қоғамымыз кездеспеген ерекше сынақтардан өтіп жатырмыз.
COVID-19 одан әрі таралуын болдырмау біздің ортақ міндетімізге айналды.
Елдің қалалары мен өңірлерінде төтенше жағдай режимі мен қатаң карантиндік шаралар кезеңінен кейін адамдар біртіндеп бұрынғы өмір ырғағына қайта орала бастады.
Уақыт пандемияны одан әрі карантиндік шараларды, тәртіпті және Үкімет ұсынған қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы тек бірлесіп еңсеруге болатынын көрсетті.
Алайда, бүгінде біз бірнеше рет ескертулерге және тұрақты ақпараттық хабарламаларға қарамастан, санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарына салғырттықпен қарауды байқап отырмыз.
Қоғамдық көлікте адамдар көбінесе жеке қорғаныс құралдарынсыз болады. Қоғамдық орындарда ересектер мен балалар маскаларсыз серуендейді, мейрамханалар мен кафелерде көптеген қонақтардың қатысуымен іс-шаралар өткізіледі.
Өкінішке орай, мұның бәрі елде байқалатын халық арасында аурудың өсуіне, соның салдарынан аурудың орташа және ауыр дәрежесі бар науқастар санының өсуіне әкелді.
Көптеген жағдайларда қауіпсіздік шараларын сақтамау COVID-19 қауіпті вирусы табиғатта жоқ деген қате ақпараттың таралуынан туындайды және бұл аңыздар мен жалған сөздер. Сондықтан, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша мамандардың ұсыныстарын сақтаудың қажеті жоқ.
Шынында да, вирус көрінбейді және адам үшін сезілмейді, осыған байланысты ешқандай қауіп жоқ деген жалған әсер туындайды.
Бүгінде біздің барлығымыз үшін шынайы емес ақпараттың әсеріне ұшырамау, тек ресми дереккөздерге сүйену маңызды болып табылады.
Қымбатты жерлестер!
Өз қауымдастықтарының өкілдері бола отырып, Алла Тағаланың мұраттары мен құндылықтарын жариялауға шақырған кезде, біз еске саламыз: Ол үшін ең маңызды құндылық — әрқайсыңыздың өміріңіз бен денсаулығыңыз!
Біз санитарлық қызметтер белгілеген барлық нормалар мен ережелерді сақтауды сұраймыз.
Өйткені, қазіргі жағдайда жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларын сақтамау әрқайсымыздың, сондай-ақ біздің жақындарымыздың, туыстарымыздың, таныстарымыздың және айналамыздағы адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін өте қауіпті.
Біз жақындарымызға, отбасына деген сүйіспеншілік пен басқаларға құрметпен қарауды сақтық шараларын міндетті түрде сақтау арқылы ғана көрсете аламыз. Біз сіздермен көптеген қиындықтар мен сынақтардан өттік. Өздерінің жоғары жауапкершілігін, ұйымшылдықты, өзара қолдау мен тәртіпті сақтау қажеттілігін түсінген кезде оларды жеңіп, абыроймен шықтық.
Қазір дәл осындай сәтте. Біз бұл сынақты жеңу үшін жауапкершілік пен тәртіптілікті көрсетуге міндеттіміз!
Бүгін барлығымыз еліміздің және жер бетінің амандығы, әр тұрғынның денсаулығы мен өмірі үшін, олардың қалыпты жағдайға оралуы үшін, қайтадан құшақтаса өзінің сүйікті жұмысымен, оқуымен, жақын адамдарымен қарым-қатынас жасауына дұғалармызды арнаймыз.
Осы көптен күткен кезеңдердің тез басталуы үшін біз бүкіл Қазақстан халқына даналық, күш, батылдық, сенім, үміт, махаббат тілейміз!
Алла Тағалаға барша жандарға батасын беріп, барлық өмір сүрушілерге рахымы мен мейірімін нәсіп етсін!