Журналист сөзі

Жасампаздық қадамдары берік боп,
Алғы сапқа қосылуда келіп топ.
Ақтаратын көл дария көңілін,
Алыс жолда журналистке серік көп.

Болат құйып, малшынатын ақ терге,
Жолдас болдым металлург пен шахтерге.
Жақсы істерді жария етіп әлемге,
Делегатқа қолым соқтым қақ төрде.

Сан ерлікті жазып қойын дәптерге,
Шаттандым мен шабыт қонған сәттерде,
Түні бойы көзімді ілмей сырласқан,
Кейіпкерім сапар шегіп жатты елге.

Шопан досым қырға жайып қошақан,
Бір науқаннан жаңа ғана босаған.
Түлік санын еңбегімен көбейтіп,
Отанымнан орден алған осы адам.

Дала төсі толы бүгін дүбірге,
Нық сенім бар диқандардың үнінде.
Сеніңдағы қимылдайтын күнің бұл,
Қалам жолдас, сын сағатта сүрінбе.

Болашағын ойлауменен өседі ел,
Қас қағымда орнап жатыр көшелер.
Көп жолақты компьютерде дамыл жоқ,
Жан сүйсінер жаңалықты төге бер.

Бермей жүрген жеңімпаздық топ алдын,
Озат ұжым ордасынан оралдым.
Газетімде салиқалы ой қозғап,
Жайсаңдардың өз атынан сөз алдым.

Тәуелсіз ел талап қылды жеделдік,
Біздің мақсат – ел байлығы, кемелдік.
Дей алмаспыз биік шепке теңелдік,
Әйтседағы нық сенім бар жеңерлік.

Кемшілікті зерттеп жебе тартамын,
Замандасқа шұғыл міндет артамын.
Ұлағатты өзгерістер орнығып,
Қуанышын көрсем деймін баршаның.

Екпінді істің сом балғасын соға алдым,
Масаттанып, мерейленем соған мың.
…Отанымның ертеңінен жауапты,
Жүрегімде мандаты бар қоғамның!

Бақберген Амалбек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар